Жамбыл «Жас Отан Қоры» Корпоративтік қорының ұйымдастыруымен Байзақ ауданының тұрғындарының діни сауаттылығын арттыру, экстремизмнің алдын алу, дәстүрлі діни құндылықтарды насихаттау, Қазақстан халқы Ассамблеясының (2025 жылға дейінгі)даму тұжырымдамасын іске асыру мақсатында сарапшыларды тарта отырып, этномәдени бірлестіктер өкілдерінің, ауыл имамдарының, теологтардың, қоғамдық пікір көсбасшыларының қатысуымен «Күшіміз-бірлікте» атты семинары өтті.