Күдікті зат тауып алған кездегі тұрғындарға арналған жадынама

Біліңіздер: заттардың сыртқы көрінісі оның расында неге арналғанын жасыруы мүмкін. Жарылғыш заттар үшін камуфляж есебінде әдеттегі тұрмыстық заттар қолданылады: сумка, пакет, түйіншек, қорап, ойыншық және т.б.
Табылған заттардың жарылу қаупін куәландыратын, белгілері: 
1)               көлік маңында, баспалдақта, пәтерде және т.б. орындарда белгісіз түйіншектің немесе басқада бір заттардың болуы;
2)               бөтен сумка, портфель, қорап, басқада заттың: кіреберісте, пәтер есігінің, көліктің маңында өзгеше орналасуы;
3)               табылған күдікті заттан шудың шығуы (сағат механизміне, жиілігі төмен дыбысқа тән).

Егер де сіз күдік тудыратын зат тауып алсаңыз, ол фактіні назардан тыс қалдырмаңыз: 
1)    қоғамдық көлікте:
–  заттың (сөмкенің және т.б.) кімдікі екенін немесе кім қалдырып кетуі мүмкін екенін қасыңыздағы адамдардан сұраңыз;
– егер иесі анықталмаса, табылған зат туралы дереу жүргізушіге немесе кондукторға хабарлаңыз.

  1. үйіңіздің кіре берісінде:

– көршілерден сұраңыз, мүмкін ол зат соларға тиесілі шығар. Егер иесі анықталмаса, табылған зат туралы дереу құқық қорғау органдарына хабарлаңыз (тел. 102, 112).

3) көшеде, саябақта және т. б.:
– айналаңызға қараңыз, егер мүмкіндік болса, заттың иесін анықтауға тырысыңыз. Егер ол анықталмаса, құқық қорғау органдарына шұғыл хабарлаңыз (тел.102, 112);
– затты бөгде адамдардан оқшаулауға немесе алыс арадан затқа бөтендерді жібермеуге тырысыңыз. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері келген бойда зат табылған уақыт туралы ақпарат беріңіз.

4) мекемелерде, ұйымдарда:
– тауып алған зат туралы объект күзетшісіне немесе әкімшілігіне дереу хабарлаңыз.
Табылған затпен немесе күдік тудыратын заттармен жеке іс-қимыл жасауға тырыспаңыз, олар жарылғыш құрылғылар болуы мүмкін, бұл жарылысқа, көптеген құрбандыққа, қирауға әкелуі мүмкін.

Үзілді-кесілді тыйым салынады:

– табылған затты ұстауға, ашуға және орнынан қозғауға, бір жерден екінші жерге апаруға, қолға алуға;
– табылған затты қалтаға, портфельге, сөмкеге салуға және т.б.;
– жерге көмуге немесе оларды су қоймаларына тастауға;
– заттардан шығып тұрған сым темірлерді немесе сымдарды үзіп тастауға немесе тартуға, оларды залалсыздандыруға тырысуға;
– табылған заңсыз затты пайдалануға;
– оған жақын аралықта радио- және электрлі – аппараттарын, ұялы телефондарды пайдалануға;

 

Share this...
Share on Facebook
Facebook
0Share on VK
VK
Tweet about this on Twitter
Twitter

Облыстық жаңалықтары

01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


Egov