Көркем фильм әзірлеу

Көркем фильм әзірлеу бойынша сатып алу қызметінің техникалық ерекшелігі

        

         1.Тапсырыс беруші: Жамбыл облысы әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

  1. 2Көркем фильмнің мазмұны: көркем фильмде қазіргі дін саласындағы өзекті мәселелер туралы баяндалады. Қоғамды алаңдатып отырған діни экстремизм мәселесі, теріс ағымдардың алдын алуға, жақсы мінез-құлықты насихаттауға және деструктивті діни ағымдардың зардаптарын көрсететін Жамбыл облысына қарасты деректерді көрсету.

Жастарды жалған діни ағымдардан сақтандыру, патриоттық және рухани тәрбие беру.

         3.Көркем фильмге  қойылатын талаптар:

  • Көркем фильмнің саны – 1 дана;
  • Көркем фильмнің трейлері (фильмнің қысқа және көріністі фрагменттерінен тұратын, осы фильмді жарнамалау немесе анонстау үшін қолданылатын, шағын бейне ролик);
  • Көркем фильмнің хронометражы 30-45 минут аралығы;
  • Көркем фильмнің тілі: негізгі – мемлекеттік.
  1. Көркем фильмде болмауға тиіс:

– Есірткі құралдарын, порнографиялық сипаттағы сюжеттер,  Қазақстан Республикасының тұтастығына нұқсан келтіруге, экстремизм мен терроризмді насихаттауға.

  1. 5. Өнім берушіге қойылатын техникалық талаптар:

Көркем фильмнің авторлық құқығы Тапсырыс берушінің иелігінде.

Қазақстан Республикасымен бекітілген, халықаралық заңнама-нормативтік актілермен, қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасы негізінде көркем фильмді иеленуге, қолдануға, әміршілік етуге (көшірмесін жасау, тарату, көшірмелерін әр түрлі тасығыштарда тарату, және т.б. амалдар) құқық тапсырыс берушімен анықталады.

Тақырыпқа сай қызмет өтілі 3 жылдан жоғары болуы тиіс.

  1. Жұмысты сапалы әрі уақтылы орындау үшін еңбек ресурсы бойынша:

– 2D дизайн/3D графикамен жұмыс жасау машығы және жұмыс тәжірибесі бар 1 (бір) дизайнер (маман);

– мемлекеттік тілді жетік білетін 2 (екі) журналист;

– 1 (бір) видео инженер;

– 2 (екі) видео оператор;

– 1 (бір)  қоюшы режиссер;

– 1 (бір) дыбыс режиссер;

  1.   Өнім беруші байқау өтінімімен бірге штатта жоғарыда аталған мамандардың болуын растайтын құжаттарды, осы саладағы қызметкерлердің жоғары кәсіби білімінің болуын растайтын диплом көшірмелерін ұсынуы тиіс.
  2. Көркем фильмдерді шығаруда көзбен шолу арнайы эффектілері, 2D-дизайн және/немесе 3D-графика пайдаланылуы тиіс.
  3. Қорытынды видео FullHD сападан (1920 х 1080 пиксель), битрейт 20 000 Кбит/сек, пішімі  MOV немесе MP4 төмен болмауы тиіс. Дыбыс жолағы стерео 256 Кбит/сек. төмен емес.
  4. Көркем фильм RAW және ProPess форматында түсірілуі тиіс.
  5. Аудио: деңгейі: -12 ДБ, стерео – WAV, оң және сол  канал сигналдарының деңгейі бірдей болуы тиіс.
  6. Келісім-шарт жасасқан мерзімнен бастап 30 жұмыс күні ішінде сценарийдің бағытын ұсыну қажет.
  7. Өнім берушіге қойылатын талаптар:

      Іс-шаралар және шығыс сметасының жоспарын, шартты жасасқан күннен 5 күнтізбелік күн ішінде бекіту.

  1. Көркем фильмді әзірлеуге қойылатын талаптар:
  • көркем фильмге арналған тақырыпқа байланысты алдын ала  материалдар жинақтау (фото, бейне материалдар);
  • бекітілген режиссерлік сценарийге сәйкес бейне түсірілім жасау (сценарийді Тапсырыс берушімен келісу);
  • өндірістік-техникалық үрдісін сақтау талаптарына сәйкес материалдарын монтаждау;
  • көркем фильмнің дыбыстық эффект пен музыкалық сүйемелдеумен, дауыстық дыбысталуымен қамтамасыз ету;
  • режиссерлік сценарийге сәйкес  көркем фильмді графикалық  сүйемелдеумен қамтамасыз ету;
  • дайын өнімнің бір данасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің дін істері комитетіне сараптама жасау үшін тапсырыс берушіге ұсынылуы тиіс.
  • сараптаманың оң қортындысын алғаннан кейін, көркем фильмнің 16:9 форматында  пластикалық бокстің ішіндегі uncompressed форматында DVD-RW дискінде 15 нұсқасы ұсынылуы қажет;
  • Көркем фильмнің трейлерін 7 күнтізбелік күн ішінде күніне 1 реттен кем емес республикалық телеарнада көрсету.

     Кинотеатрда көрсету.

 

  1. Есеп беруге қойылатын талаптар:

Әзірленген көркем фильм мемлекеттік тілде көркем фильмнің 16:9 форматында  пластикалық бокстің ішіндегі uncompressed форматында DVD-RW дискінде 15 нұсқасы ұсынылуы қажет.

Техникалық ерекшеліктерінің талаптарына сәйкессіздігі анықталған жағдайда Тапсырыс беруші Өнім берушіге қайта өңдеуге жіберуге құқылы.

Шарт жасалған күннен бастап 2 ай сайын атқарылған жұмыстары бойынша есепті айдың 25-не дейін есеп тапсыру.

Қаржы және шаруашылық есепті тігілген күйі ұсыну.

Share this...
Share on Facebook
Facebook
0Share on VK
VK
Tweet about this on Twitter
Twitter

Облыстық жаңалықтары

01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


Egov