Діни сауаттылық – діни қауіпсіздігіміздің кепілі

Бүгінгі таңда халықтың діни сауаттылығын арттыру – күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Қазақ елі үшін өз азаматтарының діни көзқарастарының дұрыс бағытта қалыптасқаны, радикалды діни идеялардан мүлдем аулақ болғаны маңызды. Өйткені уақыт өткен сайын әлем кеңістігінде теріс діни ағымдардың кері уағыз-насихаты әсерінен адасушы адамдар қатары арта түсуде. Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасында, Қазақстан Республикасында Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында діни саладағы тұрақтылықты сақтауға ерекше мән берілген.

Облыс әкімдігінің дін істері басқармасы облыс тұрғындары  арасында дін саласындағы ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп тұрады. Осы орайда облыс әкімдігі дін істері басқармасының бас маманы, облыстық дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Елнұр Әскенұлы Қордай ауданында болып, бірқатар мекемелерде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда, №22 Еңбек орта мектебінде, №20 Алмалы орта мектебінде, «Қарасай батыр» шекара заставасында, Қарасай ауылдық аурухана бөлімшесінде, Қордай ауылдық округінде, Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жөніндегі кәсіпорнында, «Қордай-Су» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнында, Қордай ауданының төтенше жағдайлар бөлімінде кездесулер өткізіп, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Лектор өз тарапынан діни саладағы тұрақтылықты сақтаудың мән-маңызы жөнінде, деструктивті діни ағымдардың белгілері және олардан сақтану жолдары турасында көптеген ақпараттарды мәлім етті. Тұрғындар дінтанушы маманға көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, толымды жауаптар алды.

 

Share this...
Share on Facebook
Facebook
0Share on VK
VK
Tweet about this on Twitter
Twitter

Облыстық жаңалықтары

'; echo ''.$date.'
'; echo ''.$title.'

'; echo '
'; } ?>

Egov