Діни қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында төмендегі нормативтік актілерді басшылыққа алынады:

 

  1. Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 2017 жылғы «26 » шілде «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан РеспубликасыМәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 147 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы №113 бұйрығы;

 

  1. «Діни қызмет саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2017 жылғы 23 қазандағы №216 қаулысы;

 

  1. Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 2018 жылғы 16 сәуірдегі «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі №147 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» №41 бұйрығы;

 

  1. «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2017 жылғы 23 қазандағы №216 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» облыс әкімдігінің 2018 жылғы 13 шілдедегі №138 қаулысы.

 

 

 

Облыс әкімдігінің дін істері басқармасымен діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 3 түрі жүзеге асырылады.

Олар:

1) миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу;

2) діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде  орналастыруға  келісу туралы шешім беру;

3) діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім беру.

 

Облыс әкімдігі дін істері басқармасы тарапынан діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту, ҚР мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасын бұзу фактілері орын алмағанын, сондай-ақ қарау мерзімдері бұзылған мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына шағымдар  түспеген.

Діни қызмет саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы халықты кеңінен ақпараттандыру мақсатында насихаттау жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп отыр.

Share this...
Share on Facebook
Facebook
0Share on VK
VK
Tweet about this on Twitter
Twitter

Облыстық жаңалықтары

01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


Egov