«Діни экстремизмнің қауіпін алдын алу» тақырыбында кездесу өтті.

2019 жылдың 23 қыркүйегі күні «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ-нің қызметкері А.Құлымбетов Тараз станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлерімен «Діни экстремизмнің қауіпін алдын алу» тақырыбында кездесу өткізді.

Кездесудің мақсаты: әлемде және елімізде болып жатқан діни процестермен және әртүрлі радикалды діни ағымдар туралы ақпараттандыру, қоғамда террористік және экстремистік идеологияның таралуына жол бермеу бойынша жұмыстардың формалары мен әдістерді түсіндіру. Сонымен қатар, кездесу барысында елімізде соттың шешімімен тыйым салынған экстремистік ұйымдар туралы толық ақпарат берілді. Дәстүрлі емес діни ағымдар жастардың санасын қалай улайтыны және осы арбаудан қалай арылу жолдары туралы  тереңінен айтылды. Басшыға және жарғыға бағыну қағидаларын ұстану жайлы толыққанды баяндалды. Жат пиғылды діни ағымдардың төзімсіздік қасиетінің салдарынан еліміздің тұрақтылығы мен бірлігіне нұқсан келтіретіні баяндалып, іс-шара соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.

Share this...
Share on Facebook
Facebook
0Share on VK
VK
Tweet about this on Twitter
Twitter

Облыстық жаңалықтары

01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


Egov