Діни білім мен біліктілікті жетілдіру аясында отандық діни оқу орындарында білім алудың маңыздылығын түсіндіру

Лот атауы Қысқаша сипаттамасы
3 лот

«Діни білім мен біліктілікті жетілдіру аясында отандық діни оқу орындарында білім алудың маңыздылығын түсіндіру»

      Жоба бойынша нақты іс-шаралар жоспарын (өткізу форматы, өткізілу мерзімі мен орны, қамтылатын адамдар саны мен санаты), медиа-жоспарын, шығындар сметасын шарт тіркеуден өткен күннен бастап 5 күн ішінде келісу.

Әр түрлі санаттағы облыс тұрғындары арасында «Дін мен дәстүр сабақтастығы» қазақ халқының дәстүрлі діни құндылықтарын насихаттау бойынша Тараз қаласы мен облыс аудандарында және елді мекендерде (Іс-шараларға тартылатын адам саны Тараз қаласы бойынша-60, аудандық деңгейде 30, елді мекендерде 20-ға жуық)  (Тапсырыс берушімен келісу, кемінде 50 іс-шара) іс-шаралар ұйымдастыру.

Республика бойынша жоғары және орта кәсіптік діни білім беретін мекемелердің Жамбыл облысындағы күндерін ұйымдастыру (кемінде 5 жоғарғы оқу орнынан келуін қамтамасыз ету).

Жоғарғы оқу орындарының дінтанушыларының қатысуымен «Діни білім мен біліктілікті жетілдіру аясында отандық діни оқу орындарында білім алудың маңыздылығын түсіндіру» тақырыбында тұрғындар арасында, оның ішінде 10-11 сынып оқушылары мен мешіт жамағаттары, жұмыссыз жастар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Елді мекендердің тізімі:

Тараз қаласы, Жамбыл ауданы (Аса, Шайқорық, Бірлесу-Еңбек, Жасөркен, Гродеково), Байзақ ауданы (Көктал, Қызыл жұлдыз, Қостөбе, Түймекент, Мырзатай), Жуалы ауданы (Көлбастау, Теріс), Т.Рысқұлов ауданы (Құлан, Көгершін), Талас ауданы (Қаратау, Ақкөл), Сарысу ауданы (Жаңатас, Саудакент), Меркі ауданы (Меркі, Жамбыл), Шу ауданы (Шу, Төле би, Белбасар), Қордай ауданы (Масаншы, Сортөбе), Мойынқұм ауданы (Мойынқұм, Бірлік, Биназар)

Мақалалар шығару және әлеуметтік желілерінде жариялау (республикалық 2, облыстық 5, аудандық газеттерде 20 мақала, әлеуметтік желілерде 40).

Жобаны іске асыру қорытындысы бойынша брифинг (БАҚ өкілдерінің, дінтанушылардың, теологтардың, имамдардың және журналистердің қатысуы) өткізу (өткізу күнін Тапсырыс берушімен келісу);

Жоба қорытындысы бойынша  нақты ұсыныстар әзірлеу;

Өнім берушіге қойылатын талаптар:

Дін саласындағы жұмыс тәжірибесі 3 жылдан жоғары;

Есеп тапсыруға қойылатын талаптар:

Тапсырыс берушіге есептерді шарт жасалған күннен бастап 2 ай сайын ұсыну;

Қорытынды есепті (арнайы баспада тігіліп ламинатталған) және электронды форматта қазан айының 20-на дейін ұсыну;

Әрбір өткізілген іс-шараның есебінде бағдарламасы, күн тәртібі, мамандардың түйіндемесі және дипломдары, қатысушылардың тізімі, лекциясы, іс-шара фотосуреттерін қоса беру.

 

Share this...
Share on Facebook
Facebook
0Share on VK
VK
Tweet about this on Twitter
Twitter

Облыстық жаңалықтары

01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


Egov