Дін және денсаулық

 

 

Адам өміріндегі басты құндылық ол оның денсаулығы. Сондықтан да «Бірінші байлық денсаулық…» делінген. Адам баласы әрдайым денсаулығын күтіп, зиян келтіретін нәрселерден аулақ жүруге тырысады. Тіпті, «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деп, салауатты өмір салтын ұстануға шақырған.

Әйтсе де, адам баласы сан түрлі себептермен әртүрлі кеселдерге шалдығып жатады. Бірақ қуантатыны қазірге заманауи медицинаның дамып, өткен ғасырларда шипасы шешілмеген талай ауруларды әп-сәтте емдеуге қауқары жетуде.

Өткен ғасырларда тұтас бір қалаларға түрлі эпидемиялар тарап, тұрғындарының бірі қалмай қырылған деректер көптеп кездеседі.

Бүгінгі таңда, ондай ақпараттарды естімейсің. Себебі, ғылымның дамуымен түрлі аурулардың алдын алуға болатын тәсілдер анықталуда. Соның бірі – вакцинация, былайша айтқанда, екпе салдыру.

Вакцинация немесе екпе дегеніміз инфекцияны болдырмайтын немесе оның теріс салдарын әлсірететін аурудың иммунитетін тудыру үшін антигендік материалды енгізу болып табылады.

Салынатын екпенің адам денсаулығына пайдасы ғылыми тұрғыда негізделген болса, дінде оған тыйым салынбаған. Тіпті, аурудың алдын алуға бұйырылған. Бухариде келген хадисте пайғамбар, оған Алланың салауаты мен сәлемі болсы: «Кімде-кім таңертең құрманың жеті данасын жесе, оған кешке дейін у да, сиқыр да дарымайды», – деген.

Бухариде келген тағы бір хадисте Абдурахман ибн Ауф пайғамбардың, оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын: «Бір жерде оба ауруы тараса, ол жерге бармаңдар және ол жердегілер сыртқа шықпасын», – деген сөзін жеткізген. Осы сөзді естіген Омар ибн Хаттаб оба ауруы тараған Шам еліне кірмей, кері қайтқан екен.

Жоғарыда келтірілген хадистерді ғалымдар аурудың алдын алуға дәлел ретінде келтіреді.

Сауд Арабиясы Корольдігінің ХХ ғасырдың соңындағы мүфтиі Абдулазиз ибн Баздан: «Аурудың алдын алу үшін дәрі-дәрмек қабылдаған дұрыс па? Мысалы, вакцина қабылдау?» деп сұралғанда: «Жұқпалы немесе басқа да аурулардың алдын алу мақсатында екпе салдарудың еш әбестігі жоқ. Хадисте айтылғандай, «Кімде-кім таңертең құрманың жеті данасын жесе, оған кешке дейін у да, сиқыр да дарымайды» делінген. Бұл дегені ауруға шалдықпастан бұрын алдын алудың бір түрі болып табылады».

Ал, енді екпеден кейінгі болатын ауырсынуға қатысты дінде мынадай қағида бар: «Екі зиянның, зияндығы азын таңдау» деген. Осы қағидаға сәйкес, мысалы туберкулез ауруымен ауырғаннан гөрі, аталған аурудың алдын алуға арналған екпені салдырып, 1-2 күн болатын ауырсынуға сабыр еткен абзал болады. Бұны сау ақыл да қабылдайды. Және екпе салдырған адамдардың барлығы бірдей ауырсынуды сезбейтіндігін білеміз.

Ал бүгінгі таңда орын алып жатқан діндар азаматтардың екпеден бас тартуы діннің салдары емес, денсаулыққа деген жауапкершіліктің жоғары болуынан деп білемін. Діндар азаматтар неге темекі, арақ сияқты зиянды заттарды пайдаланбайды. Себебі, олар денсаулыққа зиян. Ал, дінде денсаулыққа зиян келтірмеу міндеттелген.

Осы орайда, адамдар неге екпеден бас тартады деген сұраққа:

– біріншіден, бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде, интернет желілерінде екпе туралы таратылып жатқан әртүрлі дақпырт ақпараттарға дәйекті түрде жауап беруіміз қажет;

– екіншіден, әлі де болса, еліміздің медициналық қызмет көрсету сапасы азаматтарымызды толыққанды қанағаттандырмайды, сондықтан кей жағдайларда, оның ішінде, екпеге қатысты күмәнмен қарайды деп жауап берер едім.

Сөз соңында айтарым, еліміз тыныш, деніміз сау болсын.

 

 

Жамбыл облысы әкімдігі

дін істері басқармасының

ислам діни бірлестіктерімен

байланыстар жөніндегі

бөлімнің басшысы

Еркебұлан Есмаханов

Share this...
Share on Facebook
Facebook
0Share on VK
VK
Tweet about this on Twitter
Twitter

Облыстық жаңалықтары

01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


Egov