ДІН САЛАСЫНДАҒЫ ТҰЖЫРЫМДАМА-РУХАНИ КЕМЕЛДЕНУ ТЕТІГІ

Тәуелсіздігімізді тұғырлап, өз алдымызға өркениетті әрі іргелі ел болдық. Қазақстан Тәуелсіздік алған жылдардан бері мемлекеттік–конфессиялық қатынастарда зайырлылық моделін ұстана отырып дамуда. Дін саласындағы мемлекеттік саясатты қазіргі жаһандық үдерістер мен уақыт талабына сай қайта толықтыру мен жетілдіру мемлекетіміздің ішкі және сыртқы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік берері анық.                                     Тұжырымдама дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізін құрайтын дінаралық келісімнің қазақстандық моделіне сүйене отырып, дін саласын реттеу мен жетілдіруді көздеп әзірленген.

Елбасының салиқалы саясатының үндесуі арқасында халықтың хәл-күйі осы уақытқа дейін едәуір жақсарған. Елдің өркендеуі мен татулығын бұзғысы келетін арам пиғылдылар да көкжиектен көрінбей қалмады. Осындай келеңсіздіктерді дер кезінде қолға алу үшін бірқатар шаралар атқарылып та жатыр. Соның бірі, Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің ғылыми-сарапшылар қауымдастығы, үкіметтік емес ұйымдар мен діни бірлестіктердің өкілдерін кеңінен тарта отырып әзірлеген Қазақстан Республикасының дін саласындағы 2017-2020 жылдарға арналған мемлекеттік саясаты тұжырымдамасына Елбасының қол қоюы елеулі жағдай. Бұл құжаттың басты мақсаты – Қазақстан Республикасындағы зайырлылық қағидаттарын нығайту. Халықтың діни сенім бостандығын, дінді ұстану немесе ұстанбау құқығын қамтамасыз ету тұжырымдаманың нақты негізі болып отыр. Тұжырымдама қоғамымызда іс жүзінде орныққан конфессияаралық келісімді нығайту бағытындағы мемлекеттік-конфессиялық қатынастарға келер уақытта өзінің елеулі үлесін қоса отырып, дінді деструктивті мақсаттарда қолдануға жол бермейтіндігіне сенім мол. Тұжырымдама негізінде дін саласындағы мемлекеттік саясат іске асырылмақ, діни бірлестіктермен өзара қарым-қатынас дамытылып, азаматтардың діни сенім бостандығы қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, мемлекет пен азаматтық қоғам арасында өзара әрекеттесу моделі қалыптасып, зайырлылығымыздың мерейі еселей түспек. Әсіресе, зайырлылық қағидаттарын халқымыздың өмір сүру салтына айналдыру мақсатында мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызмет, құқық қорғау, арнайы қызмет пен қарулы күштер, бұқаралық ақпарат құралдары, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет пен спорт жүйелерін жұмылдыра отырып, елімізде әлеуметтік-экономикалық және отбасы институтының мәселелерін шешуді көздейтін мемлекет пен діни бірлестіктердің қарым-қатынасына жағдай жасалатындығы қуанышты жайт. Осы ретте, діни бірлестіктердің толыққанды қызмет етуін қамтамасыз етуге, дін саласын реттейтін заңнаманы жетілдіруге, деструктивті діни ағымдардың идеяларының таралуына тосқауыл қоюға және азаматтық қоғам институттарын тарта отырып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына басымдық беруге ерекше назар аудару – Тұжырымдаманың оңды тұсы деп толық сеніммен айтуға болады.

Діни саланы реттеу бойынша 2020 жылға дейінгі ғылыми теориялық негіздерді айқындауды негізгі мақсат еткен Тұжырымдама «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауының бағыттарына және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласымен сәйкес келеді. Аталмыш құжаттың септігі дін мен деструктивті идеологияның аражігін ажыратып алуға тигелі отырғанын қайталап өткен артық етпес. Себебі халықтың санасын тұмандандырып, оларды өздерінің өткен шағынан, салт санасынан, дәстүрлі діни танымынан айнытқысы келетіндер өте көп.  Тұжырымдаманың жоспары бойынша атқарылған жұмыстар өз жемісін берсе, ертеңгі тұжырым оң болмақ. Ендігі мақсат ел мүддесі үшін еңбектенуді қарқынды түрде жалғастыру. Сонда ғана түтініміз түзу ұшып, бірлігіміз берекелі, мерейіміз мерекелі болмақ.

 

Оңалту орталығының басшысы

Сембекова Альбина Құрманбекқызы

Share this...
Share on Facebook
Facebook
0Share on VK
VK
Tweet about this on Twitter
Twitter

Облыстық жаңалықтары

01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


Egov