Дін саласындағы өзекті мәселелер бойынша журналистер арасында бірнеше номинациялар бойынша үздік шығармашылық жобаларды әзірлеуін конкурс арқылы ұйымдастыру және өткізу

Қызметтің атауы Техникалық ерекшеліктер
1 лот

«Дін саласындағы өзекті мәселелер бойынша журналистер арасында бірнеше номинациялар бойынша үздік шығармашылық жобаларды әзірлеуін конкурс арқылы ұйымдастыру  және өткізу»

     Діни экстремизмнің алдын алу және қоғамдағы конфессияаралық тұрақтылықты сақтау бойынша журналистер арасында 3 номинация бойынша республикалық конкурс ұйымдастыру және өткізу. Шарт тіркеуден өткен күннен бастап 5 күн ішінде іс-шара жоспарын бекіту, шығындар сметасын (келісілген конкурстың концепциясын, мараптаттау рәсімінің сценариін, БАҚ тізімі мен хабарландыру графигін әзірлеу) өткізу.

Жоба діни экстремизмнің алдын алу бойынша келесі номинациялар арқылы жүргізілуі тиіс:

1. «Үздік әлеуметтік бейнеролик» номинациясы бойынша

–         бас жұлде – 500 000 тенге;

–         1 орын – 300 000 тенге;

–         2 орын- 200 000 тенге;

–         3 орын – 150 000 тенге;

–         4-5 орындар ынталандыру сыйлықтары;

2. «Үздік мақала» номинациясы бойынша

бас жұлде – 300 000 тенге;

– 1 орын – 200 000 тенге;

– 2 орын- 150 000 тенге;

– 3 орын – 100 000 тенге;

– 4-5 орындар ынталандыру сыйлықтары;

3. «Белсенді блогер» номинациясы бойынша

       – бас жүлде – 150 000 тенге;

– 1 орын – 100 000 тенге;

– 2 орын- 70 000 тенге;

– 3 орын – 50 000 тенге;

– 4-5 орындар ынталандыру сыйлықтары.

Конкурс жеңімпаздары ақшалай сертификаттармен марапатталуы тиіс (кейіннен төлеу арқылы). Конкурсқа қатысқан барлық авторларға қатысқаны туралы сертификат берілуі тиіс.

Жоба үш кезеңде жүзеге асырылуы қажет:

–         Ақпараттық науқан (жарнамалық 1 минуттық бейнеролик дайындау);

–         Өтінімдерді жинау және жеңімпазын анықтау;

–         Салтанатты марапаттау рәсімі;

Ақпараттық науқанға қойылатын талаптар:

–         Келісім шартқа қол қойылған күннен бастап 1 ай аралығында конкурс ережесін, конкурс барысын қазақ және орыс тілдерінде күнделікті БАҚ-да жариялаумен хабарландырудың мәтінін әзірлеу.

–         Республикалық және облыстық телеарналарда екі тілде (қазақ және орыс тілдерінде) жарнама жасау (жарнамалық 1 мин бейнеролик түсіру, кемінде 1 ай корсету, тапсырыс берушімен келісу);

–         Республикалық, облыстық және аудандық газеттерде конкурс ережесін жариялау (қазақ және орыс тілдерінде, кемінде 5);

–          Республикалық сайттарда жариялау (кемінде 5 сайт);

Өтінімдерді жинау және жеңімпаздарды анықтауға қойылатын талаптар;

Барлық келіп түскен авторлық жұмыстарға пайдалану құқығы толығымен Тапсырыс берушіге ауысатыны туралы конкурстың ережесінде міндетті түрде атап өтуі қажет. Конкурсқа қатысуға келіп түскен өтінімдердің саны кемінде 50 болуы керек, оның ішінде: «Үздік әлеуметтік бейнеролик» номинациясы бойынша 15, «Үздік мақала»  номинациясы бойынша 20, «Белсенді блогер» номинациясы бойынша 15.

Жеңімпаздар қазылар алқасымен анықталады. Қазылар алқасы 5 (бес) адамнан кем емес және 9 (тоғыз) адамнан артық болмауы тиіс, қазылардың жұп санды болуы рұқсат етілмейді (қазылар алқасының 70 пайызы қатысуы міндетті).

Кәсіби мамандарды шақыру арқылы сарапшы қазылар тобын құру (Тапсырыс берушімен келісу).

Салтанатты марапаттау рәсімінің талаптары;

-100-ге жуық адамдық жиналыс залымен;

– микрофондар, конференц байланысымен;

– куверткалармен;

– дыбыс кушейткіші бар ноутбук, проектормен;

– жиналыс залына арналған баннер-1 дана (тапсырыс берушімен келісу);

– жеңімпаздарға гүл шоқтарын алу;

– марапаттау рәсімінен соң дінге қатысты спектаклдің койылымын ұйымдастыру.

Қорытынды нәтижесі аяқталғаннан соң 5 (бес) күтізбелік күн аралығында қазақ тілі мен орыс тілдерінде БАҚ арқылы қорытынды туралы ақпараттың мәтінің әзірлеу мен жариялау.

Журналистер және блогерлер арасында «Діни экстремизмнің алдын алудағы бұқаралық ақпараттық құралдырының рөлі» тақырыбында облыстық семинар ұйымдастыру және өткізу.

Өнім берушіге койылатын талаптар:

–         Тақырыпқа сай жұмыс өтілінің болуы кем дегенде 3 жыл;

–         Ақпараттық жүйелер және программист мамандығы бойынша кем дегенде 2 маманның болуы, еңбек өтілі ең кемі 2 жыл;

–         Жобаны іске асыру қорытындысы бойынша брифинг өткізу.

Есеп тапсыруға қойылатын талаптар:

Жоба қорытындысы бойынша  нақты ұсыныстар әзірлеу.

Тапсырыс берушіге есептерді шарт жасалған күннен бастап 2 ай сайын ұсыну.

Қорытынды есепті қағаз (арнайы баспада тігіліп ламинатталған) және электронды форматта қазан айының 20-на дейін ұсыну.

Әрбір өткізілген іс-шараның есебінде бағдарламасы, күн тәртібі, мамандардың түйіндемесі және дипломдары, қатысушылардың тізімі, лекция, іс-шара фотосуреттерін қоса беру.

Share this...
Share on Facebook
Facebook
0Share on VK
VK
Tweet about this on Twitter
Twitter

Облыстық жаңалықтары

01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


Egov