Мемлекеттік рәміз – мемлекеттілік негізінің бекітілуімен байланысты, терең тарихи түбірі бар, бірден-бір қоғамдық феномен. Мемлекеттік рәміздерді қабылдау мәселелері ғасыр тереңінен кез келген елде мемлекеттіліктің аса құрамды бөлігі болып саналған.
Жыл сайын 4 маусымда аталып өтетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты жиын бүгін облыс әкімдігінің дін істері басқармасы мен дін проблемаларын зерттеу орталығының ұжымдарының қатысуымен аталып өтті.
Салтанатты шарада дін проблемаларын зерттеу орталығының инспекторы Сәрсенбаев Арман Мемлекеттік рәміздердің шығу тарихы туралы және бұл күн Қазақстан халықтарының басын біріктіретін, халықтардың бірлігін нығайтып, қазақстандық патриотизмге тәрбиелейтін мереке болып табылатынын атап өтті. Жиын соңында барлық қызметкерлер Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимнін орындады.