Деструктивті діни идеологияга қарсы иммунитет қалыптастыру мақсатында Жамбыл облысы имамдарының біліктілігін арттыру курстарында оқыту жобасын талқылау

Тапсырыс беруші: «Жамбыл облысы әкімдігінің дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ

Ұйымдастыру шаралары:

  • Жоба бойынша нақты іс-шаралар жоспарын (өткізу форматы, өткізілу мерзімі мен орны), медиа-жоспарын, шығындар сметасын шартқа қол қойған күннен бастап 5 күн ішінде келісу.
  • Жамбыл облысы тұрғындарының және қылмыстық-атқару жүйесінде бас бостандығынан айырылған азаматтар арасында радикалды діни идеологияға қарсы иммуниттеті қалыптастыру мақсатында Жамбыл облысының 129 имамын біліктілігін арттыру курсында оқыту (Тапсырыс берушімен келісу).
  • Біліктілігін арттыру курсы 84 академиялық сағаттан кем емес (1 күн: 7 сағаттан. 12 күн: 84 сағат) екі апталық (14 күндік) оқытуды ұйымдастыру және өткізу.
  • Имамдарды 3 топқа бөліп оқыту. Біліктілікті арттыру курсын оқыту кезінде имамдар үшін тұрғын-жаймен, үш мезгіл тамақпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру. Барлық шығындар оқу ақысы, жол ақысы, тамақтану және тұруы әлеуетті өнім беруші есебінен.
  • Имамдарды біліктілікті арттыру курстарының алдында және өткеннен кейін тестілеуден өткізу.
  • Біліктілікті арттыру курстарына республикалық маңызы бар қалалардан оқытушы лекторларды, исламтанушылар, дін ғалымдарын (Тапсырыс берушімен келісу) тарту.
  • Әр өткізілетін іс-шаралар туралы ақпаратты 3 күн бұрын әлеуметтік желілерде жариялау.
  • Мақалалар шығару және әлеуметтік желілерінде жариялау (республикалық 1, облыстық 3, аудандық газеттерде 3 мақала, әлеуметтік желілерде 15, республикалық сайттарда 3).
  • Жобаны іске асыру қорытындысы бойынша брифинг (БАҚ өкілдерінің, дінтанушылардың, теологтардың, оқыту курстарыннан өткен имамдардың және журналистердің қатысуы) өткізу (өткізу күнін Тапсырыс берушімен келісу);

Жоба қорытындысы бойынша  нақты ұсыныстар енгізу;

Есеп беру:

 Әлеуетті өнім беруші Тапсырыс берушіге өткізілген іс-шаралар бойынша өткізетін қорытынды есебі төмендегідей:

  • Жоба аяқтағаннан кейін Тапсырыс беруші көрсетілген қызметтер актісіне қол қойғанға дейін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалауды жүргізеді. Бағалауды мемлекеттік органдар жанынан азаматтық қоғам өкілдерінен құрылған сарапшылар кеңесі жүргізеді. Бұл ретте Мемлекеттік орган әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарлама бойынша мемлекеттік тапсырыстың нәтижелерін алдын ала бағалауды көпшілік талқылауының аяқталуы туралы есепті жариялағаннан кейін көрсетілген қызмет актісіне қол қоятынын хабарлаймыз.
  • Тапсырыс берушіге есептерді шарт жасалған күннен бастап 3 ай сайын ұсыну;
  • Қорытынды шығармашылық және қаржылық есепті электронды форматта 2019 жылдың қазан айының 20-на дейін ұсыну;
  • Оқыту курсының бағдарламасын, сабақ кестесін, қатысушылардың тізімі, лекциясы, іс-шара фотосуреттерін, сертификат көшірмелерін қоса беру лекторлардың диплом және түйіндеме көшірмелері болуы қажет.
  • Қорытынды есеп арнайы баспада тігіліп және ламинатталған болуы тиіс.
Share this...
Share on Facebook
Facebook
0Share on VK
VK
Tweet about this on Twitter
Twitter

Облыстық жаңалықтары

'; echo ''.$date.'
'; echo ''.$title.'

'; echo '
'; } ?>

Egov