БЖЗҚ-дағы Ашық есік күні

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры халық арасында ақпарат беру-түсіндіру жұмыстарын жүргізу аясында ағымдағы жылдың 29 қарашасында «Нұр-Отан» партиясының өңірлік филиалдарында «Ашық есік күні» шарасын өткізеді.

Басты тақырып: «Зейнетақыны жоспарлау».

Қазір зейнетақымен қамсыздандыру саласына қатысты ең бір маңызды сұрақтардың бірі – болашақ зейнетақыны қалыптастыру. Өйткені әрбір Қазақстан азаматы болашақта лайықты зейнетақы алуды армандайды. Ал бұған қалай қол жеткізуге болады? Болашақ зейнетақының көлемін алдын-ала есептеудің жолы бар ма? Ерікті жарналар зейнетақыны арттыруға қаншалықты септігін тигізеді?

Қор мамандары мен әлеуметтік қамсыздандыру саласында жұмыс істейтін мемлекеттік құрылымдардың өкілдері осы және өзге де сұрақтарға жан-жақты жауап беретін болады.

«Ашық есік күні» шарасын ұйымдастырудағы басты мақсат – жинақтаушы зейнетақы жүйесі мен Қор қызметі жайында салымшыларға толыққанды мағлұматтар беру.

Біз сіздерді Тараз қаласы Назарбаев алаңы № 1 мекенжайында орналасқан Nur Otan Партиясының Жамбыл облыстық филиалында 10:00 мен 17:00 аралығында күтеміз!

Share this...
Share on Facebook
Facebook
0Share on VK
VK
Tweet about this on Twitter
Twitter

Облыстық жаңалықтары

01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


Egov