Лот атауы | Қысқаша сипаттамасы |
4 лот
«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын және «Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017 – 2020 жылдарға арналған тұжырымдамасының негізгі бағыт-бағдарларын насихаттау» |
Жоба бойынша нақты іс-шаралар жоспарын (өткізу форматы, өткізілу мерзімі мен орны, қамтылатын адамдар саны мен санаты), медиа-жоспарын, шығындар сметасын шарт тіркеуден өткен күннен бастап 5 күн ішінде келісу.
Әр түрлі санаттағы облыс түрғындары арасында дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017 – 2020 жылдарға арналған тұжырымдамасының негізгі бағыт-бағдарын Тараз қаласы мен облыс аудандарында насихаттау (семинарлар, тренингтер, дөңгелек үстелдер өткізу). Тараз қаласында 1 күндік облыстық конференция өткізу (300-ге жуық адам қамтылуы тиіс). – 500-ге жуық аудитория жиналыс залымен; – микрофондар, конференц байланысымен; – куверткалармен; – дыбыс кушейткіші бар ноутбук, проектормен; – жиналыс залына арналған баннер-1 дана (Тапсырыс берушімен келісу); – пресс-қабырға баннері-1 дана (эскизін Тапсырыс берушімен келісу); Баспа материалдарға койылатын талаптар; 1. Іс-шара бағдарламасы 500 дана; қағаздың қабығы жылтыр-250гр, форматы А5, екі тілде: 2. «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» логотипі бар қалам, блокнот (ақ түсті); 3. «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» логотипі бар папка (ақ түсті); 4. 4 лектордың келіп кетуін қамтамасыз ету (дінтанушы, заңгер, тарихшы, Тапсырыс берушімен келісу) Тараз қаласында 5, облыс аудандарында 15, елді мекендерде 50 іс-шара (Іс-шараларға тартылатын адам саны Тараз қаласы бойынша-60, аудандық деңгейде 30, елді мекендерде 20-ға жуық) ұйымдастыру. Барлық іс-шараға лекторлардың (дінтанушы, заңгер, тапсырыс берушімен келісу) қатысуын қамтамасыз ету (іс-сапар, қонақ үй, жол және т.б. шығындары өнім беруші тарапынан) Тапсырыс берушімен келісе отырып (пішіні), буклет әзірлеу (екі тілде: 1000 данадан). БАҚ беттерінде мақалалар жариялау (республикалық 2, облыстық 5, аудандық газеттерде 20 мақала, әлеуметтік желілерде 40). Баннер әзірлеу және ілу. ДПЗО туралы жүгіртпе жол айдарында жарнамалау (кемінде 3 ай). Жобаны іске асыру қорытындысы бойынша брифинг (БАҚ өкілдерінің, дінтанушылардың, теологтардың, имамдардың және журналистердің қатысуы) өткізу (өткізу күнін Тапсырыс берушімен келісу); Жоба қорытындысы бойынша нақты ұсыныстар әзірлеу; Өнім берушіге қойылатын талаптар: Дін саласындағы жұмыс тәжірибесі 3 жылдан жоғары; Есеп тапсыруға қойылатын талаптар: Тапсырыс берушіге есептерді шарт жасалған күннен бастап 2 ай сайын ұсыну; Қорытынды есепті (арнайы баспада тігіліп ламинатталған) және электронды форматта қазан айының 20-на дейін ұсыну; Әрбір өткізілген іс-шараның есебінде бағдарламасы, күн тәртібі, мамандардың түйіндемесі және дипломдары, қатысушылардың тізімі, лекциясы, іс-шара фотосуреттерін қоса беру.
|