Болашақ дінтанушылармен онлайн кездесу өтті

Жамбыл облысы әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығының» бөлім басышысы Ерзат Жақыпов ZOOM платформасы арқылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Дінтану» мамандығының студенттерімен онлайн форматта Орталықтың қызметі және негізгі жұмыс бағыттарымен таныстыру мақсатында кездесу өткізді.

Эфир барысында студенттердің елге қызмет етуге қатысты ой-пікірін ортаға салып, мотивация берді. Онлайн форматта кездесуде діни әдебиеттерді саралайтын, жаңа медиа мүмкіндіктерін игерген болашақ мамандарды Жамбыл облысына қызмет етуге шақырды.

Сондай-ақ, қызмет етуге келген жас мамандарға еңбекақы мен үй мәселесі және еңбек жолында өсу мүмкіндіктерінің бар екендігін атап өтті.

Шара соңында студенттер көкейкесті сұрақтарын қойып, жас мамандарға қатысты ақпараттармен хабардар болды.

Share this...
Share on Facebook
Facebook
0Share on VK
VK
Tweet about this on Twitter
Twitter

Облыстық жаңалықтары

'; echo ''.$date.'
'; echo ''.$title.'

'; echo '
'; } ?>

Egov