Білім – діни экстремизмнің алдын-алудың тиімді құралы

2019 жылдың 27 ақпанында Дін проблемаларын зерттеу орталығының қызметкері Е.Әскенұлы Тілеміс батыр атындағы №4 орта мектеп оқушыларына «Радикалды экстремистік ағымдардың идеологиясы мен өз қатарларына шақыру және қарсы әрекеттің механизмі» тақырыбында дәріс оқыды.

Кездесу барысында  экстремистік, мистикалық соқыр-сенімге негізделген жалған діни ағымдардың қауіптілігі, өз қатарларына тартудың ерекшеліктері мен механизмдері, оларды анықтаудың және қарсы әрекеттің әдістері туралы ақпараттар берілді. Зорлық көрсету идеологиясын насихаттау және лаңкестік әрекеттерге шақыратын аудио, бейне, мәтіндік материалдарды ғаламтор-ресурстарында жариялаудың, экстремистік мазмұндағы ақпараттарды әлеуметтік желілерде таратудың жауапкершіліктері туралы жеке түсіндірілді. Сонымен қатар, Қазақстандағы және Жамбыл облысындағы заманауи діни үдерістер, деструктивті діни табынулар тарапынан жастар үшін қауіптері туралы айтылды, дәстүрлі емес және радикалды діни ағымдардың жасөспірімдер мен жастар үшін әсерінің қауіптілігі жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Share this...
Share on Facebook
Facebook
0Share on VK
VK
Tweet about this on Twitter
Twitter

Облыстық жаңалықтары

'; echo ''.$date.'
'; echo ''.$title.'

'; echo '
'; } ?>

Egov