2019 жылдың 14 ақпанында Дін проблемаларын зерттеу орталығының инспекторы А.Қалмырзаев Жамбыл ауданы Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектеп-гимназия оқушыларына «Радикалды экстремистік ағымдардың идеологиясы мен өз қатарларына шақыру және қарсы әрекеттің механизмі» тақырыбында дәріс оқыды.

Кездесу барысында экстремистік, мистикалық соқыр-сенімге негізделген жалған діни ағымдардың қауіптілігі, өз қатарларына тартудың ерекшеліктері мен механизмдері, оларды анықтаудың және қарсы әрекеттің әдістері туралы ақпараттар берілді. Зорлық көрсету идеологиясын насихаттау және лаңкестік әрекеттерге шақыратын аудио, бейне, мәтіндік материалдарды ғаламтор-ресурстарында жариялаудың, экстремистік мамұндағы ақпараттарды әлеуметтік желілерде таратудың жауапкершіліктері туралы жеке түсіндірілді.