Түстен кейін аталған топ мүшелері Бұрыл ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында Тараз қалалық “Кеңесхан қажы” мешітінің бас имамы Амантай Садиев дін атын жамылған экстремистік әрекеттердің қаншалықты қауіпті екенін жан-жақты түсіндіріп, олардың мақсатын ашып айтып берді. Сонымен қоса, ағымдардың көксеген мақсаты мен жасап жатқан идеологиялық әрекеттерінің жастар арасында қалай таралып жатқанына тоқталған топ мүшелері, мұндай жат ағымдармен қоғам болып күресу керектігін айтып өтті.
Кездесу соңын «һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев: «Ұлтаралық татулық арқасында бүгінде ел тыныш, жұрт аман. Осы берекеміз бұзылмағай. Қазақстанда тұратын барша ұлт арасындағы айнымас достыққа сығат түспесе екен» – деген сөздермен қорытындылады.