Басқарма журналисттер қауымын кәсіби мерекесімен құттықтады

Ағымдағы жылдың 26 маусымы күні «Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні» кәсіби мерекесіне орай облыс әкімдігінің дін істері басқармасы журналисттер қауымымен кездесу ұйымдастырды.

Шараға дін істері басқармасының қызметкерлері мен облысымыздағы БАҚ өкілдері қатысты.

Басқарма басшысы Ж.Омаров дін істері басқармасының  тарапынан атқарылған жұмыстар жайында қатысушыларға тиісті мағлұматтар бере отырып, БАҚ өкілдерін төл мерекелерімен құттықтады.

Жиын соңында Басқарма басшысы Ж.Омаров мемлекеттік дін саласындағы саясатын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жеткізуде журналистер қауымының алатын орнының ерекшелігін атап өтіп, БАҚ кеңістігінде дін саласындағы тақырыптарды белсенді түрде қамтып жүрген журналистерді арнайы алғыс хаттармен және сый-сияпаттармен марапаттады.

Кездесу барысында облыстық «Jambyl» телеарнасының журналист-редакторы Қ.Байкүшіков, облыстық «Ақжол» газетінің тілшісі Е.Досалы, «Жеті жарғы» газетінің директор – бас редакторы Б.Сатыбалдиев, облыстық «Арай» газетінің тілшісі Қ.Қарасаева сөз сөйлеп, өз лебіздерін білдірді.

Өткізілген жиынды қорытындылай келе, Басқарма басшысы алдағы уақытта да діни экстермизм мен терроризмге қарсы профилактикалық және қарсы-насихаттық жұмыстардың тиімділігін арттыру үшін БАҚ-тың, интернеттің әлеуетін барынша кең қолдануды ұсынды.

Share this...
Share on Facebook
Facebook
0Share on VK
VK
Tweet about this on Twitter
Twitter

Облыстық жаңалықтары

'; echo ''.$date.'
'; echo ''.$title.'

'; echo '
'; } ?>

Egov