Басқарма басшысы

Омаров Жангелді Жайлауұлы 1959 жылы туылған, білімі жоғары, 1981 жылы Қазақ ауылшаруашылығы институтын «инженер-механик» және 1991 жылы Алматы басқару және политология институтын «саясаткер» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1981 жылы Жамбыл облысының Сарысу ауданында Коммунар совхозының инженері болып бастаған.
1983-1989 жылдары Сарысу аудандық комсомол комитетінің нұсқаушысы, екінші хатшысы, бірінші хатшысы, 1989-1991 жылдары Алматы жоғарғы партия мектебінің тыңдаушысы, 1991 жылдың шілде-қараша аралығы Сарысу аудандық партия комитетінің партиялық бақылау комиссиясының төрағасы,1991-1992 жылдары Сарысу аудандық агрошаруашылығы бірлестігінің «Алма» Республикалық тауарлар биржасының брокері, 1992-1993 жылдары Сарысу ауданы әкімшілігі басшысының орынбасары, 1994-1996 жылдары «Дәулет» өндірістік-коммерциялық фирмасының директоры, 1996-1998 жылдары «Әулие-Ата құсы» АҚ-ның бас инженері, 1998-1999 жылдары «Эльжан и К» ЖШС-ның президенті, 1999-2004 жылдары Сарысу ауданы әкімінің бірінші орынбасары, 2004-2008 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы, 2008-2009 жылдары Жамбыл облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы бастығының орынбасары, 2009-2010 жылдары ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің «Оңтүстік» аймақтық бақылау инспекциясы автомобиль көлігін бақылау бөлімінің бастығы, 2010 жылдың ақпан-қараша аралығы Шу ауданы әкімінің орынбасары, 2010-2012 жылдары Сарысу ауданының әкімі.
2012 жылдың қыркүйегі мен 2015 жылдың ақпаны аралығында Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарған.
2015 жылдың 19 ақпанда Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Ж.Ж.Омаров Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасының басшысы болып тағайындалды.

 

Share this...
Share on Facebook
Facebook
0Share on VK
VK
Tweet about this on Twitter
Twitter

Облыстық жаңалықтары

01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


Egov