Жамбыл облысы әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жарғысы

Жамбыл облысы әкімдігінің
«Дін проблемаларын зерттеу орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Жамбыл облысы әкімдігінің
2013 жылғы « 28 » қарашадағы
№ 363   қаулысымен бекітілген

Жамбыл облысы әкімдігі 
«Дін проблемаларын зерттеу орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 
Жарғысы

  1. Жалпы ережелер

1. Жамбыл облысы әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мекеме) жамбыл облысындағы діни ахуалды зерттеу, талдау және түсіндіру жұмыстарын жүргізу жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдық-құқықтық нысанада құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.
2. мекеменің түрі: коммуналдық.
3. мекеме «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Жамбыл облысы әкімдігінің 2013 жылғы 28 қарашадағы № 363 қаулысымен құрылған.
4. Мекеменің құрылтайшысы, мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функциялары жүзеге асыратын Жамбыл облысы әкімдігі (бұдан әрі – Әкімдік) болып табылады.
5. Мекеменің уәкілетті мемлекеттік басқару органы «Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Уәкілетті орган) болып табылады.
6. Мекеменің толық атауы: Жамбыл облысы әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
7. Мекеменің орналасқан жері Қазақстан Республикасы, 080012, Тараз қаласы, Төле би даңғылы, 35.

  1. Мекеменің заңды мәртебесі.

8. Мекеме ол мемлекеттік тіркелген кезден бастап құрылды деп есептеліп, заңды тұлғаның құқықтарына ие болады.
9. Мекеменің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес теңгерімі, банкте шоттары, бланкілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік мекеменің атауы жазылған мөрі болады.
10. Мекеме басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушы) бола алмайды.
11. Мекеме өзінің міндеттемелері бойынша өзінің кепілдігіндегі ақшамен жауап береді. Мекемеде ақша жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бірлік тиісті бюджет қаражатымен субсидиаралық жауапты болады.
12. Мекеменің азаматтық-құқықтық мәмлелері, олардың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде тіркелгеннен кейін, күшіне енеді.

  1. Мекеменің қызметінің мәні мен мақсаттары

13. мекеме қызметінің мәні Жамбыл облысындағы діни ахуалды зерделеу болып табылады.
14. Мекеме қызметінің мақсаты Жамбыл облысындағы діни ахуалды зерделеу, талдау және түсіндіру жұмыстарын жүргізу болып табылады.
15. Мекеме мақсаттарға қол жеткізу үшін мынадай:
1) ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын жүргізу;
2) оқыту семинарларын, тренингтер, курстар, дәрістер, «дөңгелек үстелдер», конференциялар, акциялар, және басқа да ұйымдастыру- тәжірибелік іс-шаралар өткізу;
3) психологиялық және құқықтық қеңес беру, теріс пиғылды діни ағымдардан зардап шеккен адамдарды оңалту қызметтерін көрсету;
4) Жамбыл облысындағы діни ахуалды зерттеу, талдау, және болжам жасау;
5) оқу-әдістемелік әдебиеттерді, арнайы баспа өнімдерін, ақпараттық бюллетеньдерді шығару жолымен мүдделі мемлекеттік органдардың, ұйымдардың сұрауы бойынша ақпараттық-талдамалық және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету;
6) дін саласында талдамалық, ғылыми зерттеулер жүргізу, ұсыныстар әзірлеу;
7) мекеменің құзырына кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың қызметін қамтамасыз ету үшін дін саласындағы ғылыми зерттеулерді дамытуда ғылыми ұйымдармен, мекемелермен, қоғамдық бірлестіктермен, ұлттық-мәдени орталықтармен, жоғары оқу орындармен және басқа да тиісті заңды тұлғалармен өзара қатынас орнату;
8) дін, діни экстремизм мен ланкестікке қарсы тұру және Мекеменің құзырына кіретін өзге де мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың басшылары мен қызметкерлерінің, Қазақстан Республикасындағы дәстүрлі діни конфессиялар өкілдерінің және өзге де мақсатты топтардың біліктілігін жоғарылату;
9) діни әдебиеттерді, діни мақсаттағы заттарды зерделеу және талдау;
10) қарсы насихат іс-шараларын өткізу, электрондық (соның ішінде интернет сайттарды) және баспасөз бұқаралық ақпараттық құралдарына (жүйелеу және талдау) мониторинг жүргізу;
11) дін мәселесі бойынша сенім телефоны жұмысын (тікелей желі) ұйымдастыру, теріс діни ағымдардың қызметінен өмірлік қиын немесе дағдарысты жағдайларға түскен, сенім телефоны бойынша хабарласқан адамдарға жедел психологиялық, консультациялық, заңды, әлеуметтік көмек көрсету;
12) ақпараттық жұмыс (псевдо діндердің деструктивті қызметтері туралы толыққанды ақпарат тарату, Мекеменің жұмысы туралы ақпаратты халыққа жеткізу);
13) діни толеранттылықты, отан сүйгіштікті, ланкестікке қарсы және антиэкстремистік сана саласындағы мемлекеттік саясатты насихаттау үшін ақпараттық-насихат топтарын құру және жұмыстарын ұйымдастыру;
14) дін саласындағы мемлекеттік саясатты насихаттау және іске асыру мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды, конкурстарды ұйымдастыру және жүзеге орналастыру;
15) мекеменің мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған басқа да қызмет түрлерін жүзеге асырады;
16. мекемемен қызмет мақсаттарына қайшы, Қазақстан Республикасының шектеулі заңдарында немесе құрылтай құжаттарында не басшының жарғылық құзыретін бұза отырып, жасалған мәміле Уәкілетті органның немесе прокурордың талабы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
17 Мекеме басшысының кәсіпорынмен жарғылық емес қызметті жүзеге асыруға бағытталған әрекеті еңбек міндеттемелерін бұзу болып табылып, тәртіптік және материалдық жауапкершілікке әкеледі.

  1. Мекемені басқару

18. Мекемені жалпы басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған Уәкілетті орган жүзеге асырады.
19. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасына белгіленген ретпен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) Мекеменің жеке қаржыландыру жоспарын бекітеді;
2) Мекеменің мүлкінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
3) Мекеменің басқару органдарының құрылымын, құрылуы тәртібі мен өкілеттік мерзімін, мемлекеттік мекеменің шешімдер қабылдау тәртібін анықтайды;
4) мекеменің басшысының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, оны лауазымынан босату негіздерін айқындайды;
5) мекеменің құрылымы мен шекті штаттық санын бекітеді;
6) Мекеме басшысының ұжымы бойынша оның орынбасарларын лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;
7) жылдық қаржылық есептілікті бекітеді;
8) Қазақстан Республикасының заңнамаларында бекітілген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
20. Мемлекеттің атқарушы органы Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және босатылатын басшы болып табылады.

21. Мекеменің басшысы:
1) Мекеменің жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді, Уәкілетті органға тікелей бағынады (Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда)  және Мекемеге жүктелген міндеттер мен олардың өз функцияларын жүзеге асыруына  жеке жауапты болады;
2) дара басшылық қағидаты бойынша әрекет  етеді және Мекеме қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамсында және осы Жарғыда айқындалатын өз құзіретіне сәйкес дербес шешеді.
3) Мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
4) Мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда  Мекеменің мүддесін білдіреді;
5) Шарттар жасасады;
6) Сенімхаттар береді;
7) Мекеменің іс-сапарларға, тағылымдамаға, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқытуға және қызметкерлердің біліктілігін жоғарлатудың басқа да түрлеріне байланысты тәртібі мен жоспарларын бекітеді;
8) банк шоттарын ашады;
9) Мекеменің барлық қызметкерлері  үшін міндетті бұйрықтар  шығарады және нұсқаулар береді;
10) Уәкілетті органмен тағайындалатын қызметкерлерден басқа,  Мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
11)  Мекеме қызметкерлеріне, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көтермелеу шараларын  қолданады және оларды жазалайды;
12) Өз орынбасарларының және Мекеменің басқа да басшы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттік аясын айқындайды;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы Жарғымен  және Уәкілетті органмен жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.

  1. Мекеме мүлкінің  құрылу тәртібі

22.Мекеменің мүлкін бағасы оның теңгерімінде айқындалатын Мекеменің активтері құрайды. Мекеменің мүлкі мыналардың:
1) оған меншік иесі берген мүлік;
2) өз қызметі барысында сатып алған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда);
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаржы көздері есебінен құрылды.
23. Мекеме дербес иеліктен шығаруға немесе оған бекітілген мүлік пен оған смета құралдары бойынша бөлінген мүлікке өзгеше тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.
24. Егер Қазақстан Республикасының заңдарымен Мекемеге кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған ақша тиісті бюджеттің есебіне жатқызылады.
25. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында қосымша қаржыландыру көзі белгіленбесе, Мекеменің қызметін Әкімдік қаржыландырады.
26. Мекеме бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептілік ұсынады.
27. Мекеменің қаржылық-шаруашылық қызметін тексеру және ревизия Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

6. Мекемедегі жұмыс тәртібі

28. Мекеменің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

  1. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

29. Мекеменің жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу Әкімшіліктің шешімі бойынша жүргізіледі.
30. Мекеменің Жарғысына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі.

  1. Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату

31. Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
32. Кредиторлардың талаптарын орындағаннан кейін қалған таратылған мекеменің мүлкі, мемлекеттік мүлік жөніндегі уәклетті органмен бөлінеді.

9.Мекеменің филиалдары мен өкілдіктері туралы мәліметтер

33. Мекеменің филиалдары мен өкілеттері жоқ.

10. Мекеме мен құрылтайшысының, мекеме мен уәкілетті органының, мекеменің әкімшілігі мен оның еңбекұжымының арасындағы өзара қарым-қатынастар

34. Құрылтайшы Мекемеге қатысты меншік иесінің функцияларын орындайды, Жарғыны бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді, Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім шығарады.
35. Мемлекеттік басқарудың уәкілетті органы  Мемлекеттің басшысын, оның орынбасарларын бекітеді және оларды лауазымынан босатады, Мекемеге жүктелген тапсырмалардың орындалуын қадағалайды, есептер мен Мекемеменің табыс етілген ұсыныстарды қабылдайды, нормативтерді бекітеді.
36. Мекеме жұмысшыларды әлеуметтік сақтандыру, өмірі мен денсаулығын, еңбек жағдайын жақсарту  бойынша әлеуметтік саясат жүргізеді, жыл сайынғы демалысты бекітеді.
37. Мекеменің еңбек ақы  төлеу қорының көлемін жыл сайын мемлекеттік басқарудың уәкілетті органы  анықтайды.
38. Еңбек ақы төлеу нысаны, штаттық кесте, қызметтік төлемдер көлемі, сыйлық беру және өзге марапаттау жүйесі Мекемемен орнатылған еңбекке ақы төлеу қоры шегінде  дербес анықталады.
39. Мекеме басшысының, оның орынбасарының, бас (аға) бухгалтердің  қызметтік төлемдерінің көлемі, оларға сыйлық  тағайындау және өзге марапаттау жүйесі мемлекеттік басқарудың  уәкілетті органымен анықталады.
40. Мекеме мен еңбек ұжымының арасындағы қарым-қатынас еңбек шартымен, ұжымдық шартпен және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының нормаларымен реттеледі.

 

Share this...
Share on Facebook
Facebook
0Share on VK
VK
Tweet about this on Twitter
Twitter

Облыстық жаңалықтары

01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


Egov