Басқарма тарапынан 2016 жылы атқарылған жұмысы туралы қорытынды есеп

Облыс әкімдігінің дін істері басқармасы (ары қарай – Басқарма) мемлекеттің дін саласындағы саясатын жүзеге асыру барысында, ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы мен Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясындағы дін саласына қатысты басымдықтарын және Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013–2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын басшылаққа ала отырып, 2016 жылы облыс көлемінде діни тұрақтылықты қалыптастыру, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және конфессияаралық келісімді нығайту бойынша бірқатар ауқымды жұмыстар атқарды.

Уважаемые участники встречи!
В рамках реализации государственной политики в сфере религии в целях повышения религиозной грамотности, профилактики религиозного экстремизма и терроризма, пропаганды канонов традиционных религий, управление по делам религий совместно с областными управлениями акимата (образования, внутренней политики, молодежной политики, культуры), правоохранительными органами, областным секретариатом Ассамблеи народа Казахстана, этно-культурными центрами, гражданскими общественными институтами, религиозными объединениями проводят целенаправленную работу.
В регионе действуют 325 религиозных объединений, из них: 280 мечетей, 44 христианских церквей (8 православных храмов, 1 католический костел, 35 протестантских цеквей), 1 представительство.
Прошли регистрацию и осуществляют деятельность 10 иностранных миссионеров из 5 стран (Южная Корея, Италия, Германия, Египет, Россия), а такаже 1 миссионер из Североказахстанской области. На постоянной основе проводится мониторинг их деятельности, в результате чего фактов нарушения требований законодательства миссионерами не зафиксировано.
В текущем году новых зарегистрированных религиозных объединений и филиалов христианского направления не было.
Для более полного охвата населения области информационно-профилактическими работами анализируется религиозная ситуация на строительных площадках, в торговых центрах, привокзальных площадях, в местах массового скопления населения всех районов области и г.Тараз, разъясняются приоритеты Послания Президента РК, организуются встречи с прихожанами культовых сооружений, осужденными гражданами исправительных учреждений, журналистским пулом, представителями религиозных объединений.

2015 жылмен салыстырғанда христиандық бағыттағы діни бірлестіктер мен филиалдардың санында өзгерістер орын алған жоқ.
Ал, мешіттердің санында бірқатар өзгерістер болды. 2016 жылы ҚМДБ төрағасының шешімімен 6 мешіт (Қордай ауданынан 3, Жуалы ауданынан 2, Тараз қаласынан 1) қызметін тоқтатып, оның орнына жаңадан 5 мешіт (Олар – 1) Тараз қаласында «Кеңесхан қажы»; 2) Талас ауданы, Қызыләуіт ауылдық округіне қарасты Ақтөбе ауылында «Ақтөбе-Иман»;3) Меркі ауданы, Ақермен ауылында «Ғаббас»;4) Сарысу ауданы, Жаңатас; 5) Т.Рысқұлов ауданы, Малдыбай ауылдық мешіттері) есептік тіркеуден өтті.
280 мешітте арнайы бұйрықпен 262 имам қызмет атқаруда. Қалған 18 мешітте, кадр тапшылығына байланысты, имам болмады. 18 мешіттің 16-сы ауылдық жерлерде орналасқан. (2014 жылы 39 мешітте, 2015 жылы 21 мешітте имам жоқ болған еді.) Жыл санап мешіттерді имамдармен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Дегенмен, мешіт имамдарының тұрақты жалақымен қамтамасыз етілмеуі басты кедергі болуда.
2016 жылы кәсіпкерлер тарапынан 39 мешіт имамына материалдық көмек көрсетілген (Атап айтқанда, Байзақ (5 имамға), Қордай (23 имамға), Мойынқұм (5 имамға), Талас (3 имамға), Сарысу (3 имамға) аудандары). Бірақ бұл көрсеткіш 2015 жылдан 2 есеге аз.
Аталған мәселе бойынша ҚР ДІАҚМ Дін істері комитетіне республикалық орталықтандырылған қор ашу қажеттігі туралы өткен жылы 2 рет ұсыныс хат жолданылған болатын. Әзірге жауабы күтілуде.
Мешіт имамдарының біліктілік деңгейіне келер болсақ, облыстағы имамдардың 13,6 пайызы (49 имам) жоғары білімді, 39,3 пайызы (142 имам)орта білімді, қалғандары 47,1 пайызы (170 имам) сауат ашу курстарын бітірген.
Аудандарды зерделеу барысында облыс бойынша 18 мешіттің Араб мемлекеттерінің қайырымдылық қорлары арқылы салынғандығы анықталды (Таразда 2, Жамбылда 1, Қордайда 11, Сарысуда 1, Шуда 3). Осыған орай, алдағы уақытта Араб мемлекеттерінің қайырымдылық қорлары мен инвесторлары тарапынан мешіттер салу және қайырымдылық шараларын көрсету туралы ұсыныс түскенде міндетті түрде Басқарманы хабарландыру қажет. Себебі, аталған мәселе ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігімен келісуді қажет етуде.

Басқарманың қызметкерлерімен христиан бағытындағы діни бірлестіктер қызметтеріне зерделеу жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.
Осы ретте, ата діні Ислам болып табылатын ұлт өкілдері, оның ішінде, қазақтар негізінен Тараз қаласындағы «Жаңа Өмір», «Өмір Бұлағы» (18%)мен Меркі (20%), Қордай (50%), Шу (30%),Талас (25%), Сарысу (70%) аудандарындағы Ехоба куәгерлерінің жергілікті діни бірлестігінде кездесетіні алаңдатып отыр.
Осы мәселені ескере отырып, жоғарыда аталған аудандарда дәстүрлі діни құндылықтарды түсіндіруге арналған шараларды күшейту қажеттілігін ескертуге тура келеді.

2016 жылы Басқарма мен Дін проблемаларын зерттеу орталығының қызметшілері Тараз қаласы мен аудандарға 171 рет іссапарға шыққан. Зерделеу жұмыстары облыстағы барлық аудан орталықтары мен 156 ауылдық округте жүргізілді. Жергілікті әкімдіктердің дін саласына жауапты қызметшілеріне мемлекеттің дін саласындағы саясаты мен осы бағытта атқарылатын жұмыстары туралы жан-жақты түсіндірулер жүргізілді.
2016 жылы Басқарма мен Орталықтың ұйымдастыруымен және қатысуымен түрлі форматта 1 мыңнан астам (1031) іс-шара өткізілді (2015 жылы 870 іс-шара өткізілген).
Атап айтқанда, өткен жылы дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелері мен мемлекеттік қызметшілерге, құқық қорғау органдары мен әскери қызметкерлерге арналған облыстық 3 семинар өткізілді.

В 2016 году в регионе в рамках информационно-разъяснительной работы по вопросам религии в общем проведено более 3000 (точнее 3017) мероприятий с охватом более120 тысяч человек.
На указанных мероприятиях приняли участие местные исполнительные, правоохранительные органы, религиозные объединения, НПО, представители этно-культурных центров, СМИ, ученые, теологи, религиоведы, учителя предмета «Светскость и основы религиоведения», молодежь. В качестве лекторов приглашены известные в республике религиоведы, историки, психологи.
В ходе мероприятий с целью повышения религиозной грамотности населения, а также разъяснения государственной программы по противодействию религиозному экстремизму и терроризму в Республике Казахстан на 2013-2017 годы, проведена учебно-просветительская работа.
Также в предверии празднования 18 октября -«Дня духовного согласия» на базе спортивного комплекса «Тараз-Арена» организована и проведена спартакиада по различным видам спорта (мини-футбол, поднятие гири, перетягивание каната, шахматы, арм-рестлинг и др.). с участием команд, состоящих из представителей религиозных объединений различных конфессий исламского и христианского направления.
С каждым годом увеличивается количество участников спартакиады.

Басқарма мен Орталық қызметшілері Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығында 172 сағат дәріс оқып, мемлекеттік қызметшілерге Әдеп кодексіне сәйкес, қызметтiк жағдайларын және онымен байланысты мүмкiндiктердi дiни бiрлестiктердiң мүдделерiне, оның iшiнде өзiнiң оларға көзқарасын насихаттау үшiн пайдаланбауға, ұжымда өз дiни көзқарасын ашық көрсете алмайтындығы, бағынысты қызметшiлердi дiни бiрлестiктердiң қызметiне қатысуға мәжбүрлей алмайтындығы түсіндірілді.

2016 жылы облыстық деңгейде ақпараттық-түсіндіру тобы (ары қарай – АТТ) құрылып, оның құрамына 18 мүше енгізілді.
Облыстық АТТ (мемлекеттік қызметшілер, құқық қорғау органдарының өкілдері, жастар, ғибадатханаларға келушілер арасында) 133 кездесуұйымдастырып, 4200-ден астам адамды қамтыды.
АТТ жұмыстары барысында «Ханафи мәзһабы – бабалар ұстанған жол» тақырыбында 1000 дана бүктеме әзірленіп, таратылды.
АТТ қызметі туралы өңірлік газет беттерінде 13 мақала жарияланды.
Сонымен қатар, Тараз қалалық 11 топаудандық 10 топ және ауылдық 156 топ құрылып, олардың құрамдарына 873 адам (мемлекеттік қызметші, құқық қорғау органы, мектеп мұғалімі, ардагерлер кеңесінің мүшесі, мешіт имамы) тартылып, 2244 іс-шара өткізілді.
2014 жылы қолға алынған ауылдық АТТ қызметі 2015 жылы тоқтап қалған болатын. Дегенмен, 2016 жылы қайта жандандырылып, қызметі жүйелендірілді. Республика бойынша біздің облыс алғаш болып ауылдық деңгейде АТТ жұмыстарын жүзеге асыруда. Аталған бастама Дін істері комитеті тарапынан қолдау тауып, басқа өңірлерге құру туралы ұсыныс берілді. Ағымдағы жылы да ауылдық АТТ қызметіне аса мән берілетін болады.
Басқарма тарапынан барлық деңгейдегі АТТ мүшелеріне оқыту семинарлары өткізіліп, керекті ақпараттық материалдармен қамтамасыз етілді.
2016 жылы АТТ барысында, дәстүрлі кездесулерден гөрі АТТ жұмыстарының басқаша жаңа үлгідегі форматтары жиі пайдаланылды.

Медиа саласында кең көлемді ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, 2016 жылы маңызды діни тақырыптарға арналған газет беттерінде 582, телерадиодада 69, интернет кеңістігінде 696 мақала мен 3287 ақпараттық материал жарық көрді. 2015 жылы газетте 395, телерадиода 67, интернетте 1596 материал жарық көрген болатын.
Ағымдағы жылы «Қазақстан Тараз» телеарнасындағы «Сіз не дейсіз?» бағдарламасы арқылы қоғамдағы дінге қатысты 6 өзекті тақырыпта арнайы көрсетілім жоспарлануда.
Сонымен қатар, Дін істері басқармасы мен Мәдениет басқармасы бірлесіп, діни экстремизм көріністерін бейнелеген «Неге?» атты спектаклін әзірлеуде. Алғашқы көрсетілімі ағымдағы жылдың ақпан айына жоспарлануда.
Облыста dini.zhambyl.kz, hibatulla.kz, sektamnet.kz, tarazdini.kz сайттарының қызметтері үйлестірілді.
Бүгінгі уақытта 40-қа жуық дінтанушы/теолог мамандар мен мешіт имамдары блогерлік жұмыстарға тартылып, әлеуметтік желілерде жеке парақшаларын ашып, қоғамдағы дінге қатысты маңызды тақырыптарда мақалалар, ақпараттар, сілтемелер жариялап, қарсы пропагандалық жұмыстармен айналысуда.
Сонымен қатар, интернет желілерінде тұрақты мониторинг жұмыстарын жүргізу қолға алынып, 203 күдікті сілтеме анықталып, Дін істері комитетіне дінтану сараптамасына жолданды. Нәтижесінде, 74 сілтемеге теріс қорытынды тағайындалып, тосқауыл қойылды.
2016 жылы 2 тілде 5 бейнеролик әзірленді. Аталған бейне роликтер облыстық «Қазақстан Тараз» телеарнасынан көрсетілді. Сонымен қатар, халық көп шоғырланатын орындар, атап айтқанда, халыққа қызмет көрсету орталықтарында, емханаларда, білім беру ұйымдарында, көшелерде орналасқан лэд-экрандарда және түзеу мекемелерінде көрсетілімі ұйымдастырылды.
2016 жылы 8,5 мың дана баспа өнімдері (4500 кітап, 500 кітапша, 500 жапсырма, 3000 бүктеме) шығарылып, Тараз қаласы мен аудандарға таратылды.
Тараз қаласы мен аудандарда «114-Қауырт желісі» мен Орталықтың сенім-телефондары жазылған билбордтар ілініп, жыл ішінде, тұрғындар Орталықтың сенім-телефонына 69 рет хабарласып, діни-құқықтық көмек пен кеңеске жүгінді. (2015 жылы 24 адам хабарласқан)

Мемлекеттің дін саласындағы саясатын жүзеге асыру жұмыстарында қоғамдық институттардың әлеуеті тиімді пайдалануда. 2016 жылы Орталық тарапынан мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 3 жоба жүзеге асырылды.
Жобалар аясында 160 іс-шара өткізіліп, алдында айтып өткендей, 5 бейнеролик түсіріліп, 7 аудио жазба жазылып,3 мың дана баспа өнімдері шығарылып, газет беттерінде 23 ақпарат жарық көрді.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде өткізілген іс-шаралардың нәтижесінде қамтыған халықтың саны бойынша 2014 жылмен салыстырғанда 3 есеге көбейіп, өсу динамикасы байқалуда.
Сонымен қатар, Тараз қаласы мен аудан әкімдіктері тарапынан 2016 жылы жалпы көлемі 15 млн. 244 мың теңгені құрайтын 15 жоба жүзеге асырылды. Алайда, Т.Рысқұлов және Меркі аудандарының жобалары жүзеге асырылған жоқ. Ағымдағы жылы аталған аудандар 2016 жылы кеткен кемшіліктің орнын толтырады деп ойлаймын.

Құрметті есеп беру жиынына қатысушылар!
Жалпы, атқарылған және атқарылатын жұмыстардың барлығы – еліміздің тыныштығы мен келісім жағдайын жақсартуға, әлемді шарпыған діни экстремизм мен терроризм көріністерінің алдын алуға, діни тұрақтылықты қалыптастыруға бағытталған. Алда әлі атқарар жұмыстар жеткілікті. Ең бастысы еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.

Уважаемые участники встречи!
В 2016 году в целях изучения религиозных взглядов различных групп населения области  были проведены социологические опросы 10 районах области и г. Тараз.
По итогам социологических опросов 81,22% респондентов оценивают межконфессиональные отношения, как безконфликтно развивающиеся в мире и согласии. В этом мы видим большую заслугу присутствующих здесь участников отчетного собрания.
Баяндама аяқталды. Назарларыңыға рахмет.

 

Share this...
Share on Facebook
Facebook
0Share on VK
VK
Tweet about this on Twitter
Twitter

Облыстық жаңалықтары

01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


Egov