Басқарма басшысының «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде атқарған жұмыстары туралы» есебі

«Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасы тарапынан мемлекеттік
әлеуметтік тапсырыс шеңберінде атқарған жұмыстары туралы»

 

         Құрметті Ерқанат Нұрбапаұлы!
         Құрметті Кеңес мүшелері мен қатысушылары!

Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасы мемлекеттің дін саясатын жүзеге асыруда азаматтық қоғам институттарының әлеуетін пайдалануда. Атап айтқанда, Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасы 2013 жылдың екінші жартыжылдығында құрылып, 2014 жылдың екінші жартыжылдығынан бастап облыс әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу Орталығын» ашты.
Аталған Орталықтың Жарғысына байланысты үкіметтік емес ұйымдар жүзеге асыратын әлеуметтік жобалардың конкурстары ерекше тәртіп бойынша жыл сайын тұрақты түрде ұйымдастырылуда. Әлеуметті жобалардың санымен қатар, оларға бөлінетін қаржы көлемі де жыл санап ұлғайтылуда.
Мәселен, 2014 жылы 4 әлеуметтік жобаға облыстық бюджеттен 5,3 млн. теңге бөлінсе, 2015 жылы жоба саны 5-ке жетіп, оларға бөлінген қаржы екі есе өсіп, 10,0 млн. теңгені құрады.
Жалпы, Басқарма мемлекеттің дін саласын азаматтық қоғам әлеуеті арқылы жүргізуі өңірде дін мәселелері бойынша жұмыс атқаратын үкіметтік емес ұйымдардың санын арттырып отыр.
Себебі, 2013 жылға дейін облысымызда дін мәселелерімен айналысатын үшінші сектор өкілдерінің саны 10-ға жетпейтін. Олар: «Болашақ», «Гуонлён» жастар орталығы», «Жийде», «Жас патриот», «Исследование агрессивных культов», «Муслин» қоғамдық бірлестіктері.
Ал, бүгінде аталған үкіметтік емес ұйымдардың қатары «Жаңа-Ру» жастар коалициясының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі мен Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» және «Панорама» ақпараттық орталығы» қоғамдық бірлестіктерімен кеңейіп отыр.
Бұл ретте, аталған қоғамдық бірлестіктер өздерінің жарғыларына ресми өзгерістер енгізу арқылы Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» Заңының талаптарын сақтай отырып, мемлекеттің дін саясатын жүзеге асырып отырғандығын ерекше атап өткім келеді.
Әлеуметтік жобалар шеңберінде 2014 жылы облыс көлемінде 30-ға жуық іс-шара ұйымдастырылса, 2015 жылы 50-ге жуық іс-шара ұйымдастыруға қол жеткізілді.

        Сонымен қатар, әлеуметтік жобалар шеңберінде облысымызға республикада танымал бірқатар дінтанушылардың іс-сапарлары ұйымдастырылды.
Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитеті Дін мәселелерін зерттеу және талдау орталығының директоры Филология ғылымдарының кандидаты, араб әдебиеті (құрантану) бойынша ғылым магистрі А.Әбдірәсілқызы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің Дін мәселелері жөніндегі ғылыми зерттеу және талдау орталығының ғылыми сарапшысы, дінтанушы, Phd докторы М.Исахан, діни ахуалды талдау және мониторинг бөлімінің басшысы, бас ғылыми қызметкер Т.Әбуов, аға ғылыми қызметкер Е.Қожбанхан, Исламды зерттеу бөлімінің бас ғылыми қызметкері М.Муслимов, Астана қаласының «Ақниет» оңалту орталығының дінтанушы-мамандары Е.ДосмағамбетовӘ.Қиманов және «Нұр Мүбарак» университетінің оқытушысы Ж.Жүсіпбеков, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің «Еуразиялық талдаулар» кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор М.Алпысбес, «Дінтану» кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор А.Избаиров, Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы ғұламалар кеңесінің мүшесі, теолог-исламтанушы ғалым Е.Әміре шақырылып, облыс тұрғындарымен кездесулер ұйымдастырылды.
Сөзсіз бұл атқарылған жұмыстар облысымызда конфессияаралық татулықты одан ары нығайтуға, тұрғындардың төзімділігі мен діни сауатын арттыруға, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға септігін тигізетіндігі анық.
Бұнын дәлелі ағымдағы жылы «Еркін пікір» қоғамдық ұйымымен жүргізілген әлеуметтік сауалнамалардың нәтижесінде респонденттердің 84,6 пайызы облыстағы діни ахуал мен конфессияаралық келісімді тұрақты деп бағалаған.
Сондай-ақ, ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитетіне қарасты ғылыми-зерттеу институтының жүргізген сауалнамасына қатысушылардың 64,1 пайызы облыстағы ақпараттық-түсіндіру топтарының діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында жүргізіп жатқан жұмыстарымен ақпараттандырылғандықтарын жеткізген.
        Басқарма әлеуметтік жобалардың тақырыптық тізбесін әлеуметтік зерттеулер мен орталық, жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының ұсыныстарын ескере отырып жасақтауда.
Мәселен, өткен 2014 жылы «Сыңаржақ діни ағымдардан зардап шеккендерді оңалту Орталығының жұмысын ұйымдастыру», «Дін саясаты саласында ақпараттық жұмыстар ұйымдастыру», «Мемлекеттің дін саласындағы саясатын жүзеге асыру бойынша кешенді ақпараттық түсіндіру және алдын алу шараларын өткізу», «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған ұйымдастыру-тәжірибелік іс-шаралар өткізу» тақырыптарында әлеуметтік жобалар ұйымдастырылса, 2015 жылы ұсыныстар мен зерделеу қорытындысына сәйкес «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдаудағы дін саласына қатысты берілген міндеттерді жүзеге асыру», «Жамбыл облысының діни ахуалын зерделеу жұмыстарын жүргізу», «Дін және жастар: рухани құндылақтар мен қазіргі заман талаптары» атты іс-шаралар кешенін ұйымдастыру», «Мемлекеттің дін саласындағы саясатын насихаттау», «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында кешенді іс-шаралар топтамасын ұйымдастыру» тақырыптарында әлеуметтік жобалары енгізіліп, жүзеге асырылуда.
Жалпы, жыл ішінде ұйымдастырылған жобалар шеңберінде «Келісім әлемі», «Мемлекет тұтастығына деструктивті теріс ағымдардың әсері», «Діни сауатсыздық – діни экстремизмнің бастауы», «Дін, білім және ғылым – діннің ізгілікке тәрбиелеуі», «Дін және жастар», «Діни экстремизм мен терроризмге жол жоқ!» атты «дөңгелек үстел» отырыстары, кездесулері мен конференциялары тұрғындар арасында оң пікірлер қалыптастырды.
Әлеуметтік жобалар шеңберінде 2014 жылы 9 адам тұрақты6 адам уақытша2015 жылы 14 адам тұрақты, 17 адам уақытша жұмыстарға тартылды.
Атқарылған жұмыстар аз емес, дегенмен, 2016 жылы конференция, форум, «дөңгелек үстел» сияқты ірі көлемді жиындардан бас тартып, негізінен аудан мен ауылдарда халық көп шоғырланған сауда орындары, вокзал, автовокзал, құрылыс объектілерінде кездесулер өткізу, жастардың маргиналды топтарымен семинар-тренингтерге баса көңіл бөліп, жұмыс атқаруды көздеп отырмыз. Сол себепті де аталған азаматтық қоғам институттарын мемлекеттің дін саласындағы саясатын жүргізуге кеңінен тарту және олардың жинақталған потенциалын пайдалануда өз жұмысын жалғастыратын болады.
Басқарма алдағы уақытта да азаматтық қоғаи институттарын мемлекеттің дін саясатын жүзеге асыру жұмыстарына тартуды жалғастыратын болады.

       Назарларыңызға рахмет!
 

Share this...
Share on Facebook
Facebook
0Share on VK
VK
Tweet about this on Twitter
Twitter

Облыстық жаңалықтары

01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


Egov