Баспанасызға баспана сыйла

Мемлекет тұрмысы төмен үйсіз азаматтарға қарайласып, түрлі бағдарламалар бойынша пәтермен қамтамасыз етіп жатқаны белгілі. Дегенмен елімізде баспанаға мұқтаж отбасылар бар. Осы олқылықты жоюды Байзақ ауданы әкімдігі қолға алып, «Асарлатып баспана салу» жобасын іске қосты.

Жоба бойынша облыстағы 300-ден астам елдімекенде әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға үй салу жоспарланып отыр. Жалпы, Байзақ ауданында үйсіз азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында бастау алған бұл шараға қолдау білдірген Жамбыл облысының әкімі Б.Сапарбаевтың «Осылай асарлату қажет, осындай жобаларды облыстың барлық аудандарында қолға алу керек» деген ұсынысына Жамбыл облыстық Дін істері басқармасы мен ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілдігі қолдау білдіріп, бұл игі істі насихаттауды бастап кетті.

Әрине бұл ауыл тұрғындары үшін, соның ішінде баспанасыз жүрген отбасылар үшін үлкен көмек.  Осы сауапты іске мешіттеріміз де өз үлесін қосып келеді.

Жақында Байзақ ауданында екі бірдей баспананың құрылысы басталды. ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы бас имамы Б.Мырзагелдиевтің тапсырмасына сәйкес, Байзақ аудандық мешіті тұрмысы төмен 2 отбасыға баспана салуды қолға алды. Осы істің басы-қасында жүрген Байзақ аудандық мешіті 1 баспананы, облыстық «Һибатулла Тарази» мешіті 1 баспананы тұрғызуды міндетіне алды. Байзақ аудандық әкімдігі аудан орталығы Сарыкемер ауылында арнайы жер телімін бөліп, баспаналардың құрылысы жыл соңына дейін аяқталады деп күтілуде.

Құрылыс нысанына Жамбыл облыстық ардагерлер ұйымының төрағасы Е.Солтыбаев арнайы келіп, асарға өз тарапынан қаражат қосты. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, ауыл азаматтары, мешіт жамағаттары да бұл игі істен сырт қалмай, қолдан келген көмегін көрсетіп жатыр.

asyldin.kz 

Share this...
Share on Facebook
Facebook
0Share on VK
VK
Tweet about this on Twitter
Twitter

Облыстық жаңалықтары

'; echo ''.$date.'
'; echo ''.$title.'

'; echo '
'; } ?>

Egov