Байзақ ауданында дін саласына қатысты кешенді жұмыстар жүргізілді

Әлеуметтік сала бойынша өткізілетін іс-шаралардың желілік кестесіне сәйкес а.ж. 24 маусымында облыс әкімдігінің дін істері басқармасы Байзақ аудандық «Байзақ баба» мешітінде жергілікті имамдармен кездесу өткізді.

Шараға дін істері басқармасының басшысы Ж.Омаров, дін проблемаларын зерттеу орталығының басшысы К.Джумекеева, Байзақ ауданы әкімінің орынбасары Қ.Исмаил, облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Е.Аманбаев және  басқарма мамандары мен дін проблемаларын зерттеу орталығының инспекторлары қатысты.

Дін  істері басқармасының басшысы Ж.Омаров алғы сөзінде тұрғындар арасында профилактикалық жұмыстарды күшейтуге, жастардың тәрбиесіне ерекше мән беру және мешіт жамағаты арасында діни бірлестіктің ішкі тәртіп ережесін сақтау жөнінде атап өтті.

Жиын барысында Басқарманың бас маманы Е.Әскенұлы мен Орталық  инспекторы А.Құлымбетов «Дін саласындағы заңнама талаптары» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар, облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Е.Аманбаев «Жеті рухани қазық» тұғырнамасы бойынша мешіт жамағатына, әсіресе жастарға мұсылманның тұла бойынан табылуы тиіс имандылық, отаншыл болу, білім алу, бірлікке болысу, еңбекқорлық, мәдениетті болу және әділдік принципін ұстану сияқты негізгі жеті көркем сипаттары тұрғысынан насихаттау қажеттілігін атап өтті.

Қатысушылар өздерінің толғандырған сұрақтарын қойып, мамандар тарапынан нақты жауабын алды.

Share this...
Share on Facebook
Facebook
0Share on VK
VK
Tweet about this on Twitter
Twitter

Облыстық жаңалықтары

'; echo ''.$date.'
'; echo ''.$title.'

'; echo '
'; } ?>

Egov