Байзақ ауданы көлемінде құрылған дін саласындағы ақпараттық – түсіндіру тобы және ауылдық деңгейдегі мобильдік топ мүшелерімен кездесу өтті

Бүгін облыс әкімдігінің дін істері басқармасы Байзақ ауданы көлемінде құрылған дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру тобы және ауылдық деңгейдегі мобильдік топ мүшелерімен кездесу өткізді.

Жиынға Байзақ ауданының әкімі Н.Нұржігітов қатысып, ұйымдастырылып отырған жиынның мән-маңызына, өзектілігіне тоқталды.

Облыс әкімдігінің дін  істері басқармасының басшысы Ж.Омаров кездесу барысында өңірдегі діни ахуалдың тұрақтылығын сақтаудағы дін саласындағы ақпараттық – түсіндіру тобының негізгі мақсат-міндеттері, басымдықтары және атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап өтті.

Шара барысында Басқарманың бас маманы Е.Әскенұлы мен дін проблемаларын зерттеу орталығының  инспекторы А.Құлымбетов ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бекітілген «Халық арасында адрестік ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізудің әдістемелік ұсыныстары» туралы қатысушыларды ақпараттандырды. Жаңа әдістемеге сәйкес  ақпараттық – түсіндіру жұмысын нысаналы топ өкілдері арасында жүргізу қажеттілігі, сондай-ақ ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелеріне қойылатын басты талаптармен таныстырды.

Іс-шара барысында аудандық ақпараттық-түсіндіру және ауылдық мобильдік топ мүшелері дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына қатысты сұрақтарын қойып, мамандар тарапынан жауабын алды.

Темірбек ауылдық округінің ақсақалдар алқасының төрағасы М.Садырқұлов облыс әкімдігінің дін істері басқармасына өз алғысын білдіріп, дін саласындағы ақпараттық – түсіндіру жұмыстарының идеологиялық тұрғыдағы мән-маңызына тоқталды.

Жиында Байзақ ауданының әкімі Н.Нұржігітов қорытынды сөз сөйлеп, жиында таныстырылған әдістемелік ұсынысты негізге ала отырып, аудан аумағындағы дін саласындағы ақпараттық –түсіндіру тобының мүшелеріне жаңа мақсат-міндеттер жүктеді.

Share this...
Share on Facebook
Facebook
0Share on VK
VK
Tweet about this on Twitter
Twitter

Облыстық жаңалықтары

'; echo ''.$date.'
'; echo ''.$title.'

'; echo '
'; } ?>

Egov