Ауыр індеттен қаза тапқандарды шариғат талаптарына сәйкес жуындыру, кебіндеу және жерлеу рәсімі бойынша кездесу өтті

Бүгін облыс әкімдігінің дін істері басқармасы мен денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен «Облыстық медициналық жедел жәрдем» мекемесінің мәжіліс залында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұсынысы бойынша COVID-19 індетінен қайтыс болған марқұмдарды шариғат талаптарына сәйкес жуындыру, кебіндеу және жерлеу рәсімдерін түсіндіру мақсатында кездесу өтті.

Кездесуге облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Х.Мырзақасымов, дін істері басқармасының бөлім басшысы Е.Ақбай, облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Ғ.Жапек және Тараз қаласындағы мәйітхана қызметкерлері, сондай-ақ онлайн байланыс арқылы аудандардағы орталық ауруханалардың жауапты қызметкерлері қатысты.

Жиын барысында денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.у.а. Х.Мырзақасымов санитариялық қағидаларға сай Қазақстанда аса қауіпті инфекциялық аурулардан қайтыс болғандарды жерлеу турасында қойылатын басты талаптар жөнінде мәлімет берді.

Ал, облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Ғ.Жапек COVID-19 індеті ушыққан уақытта індетпен ауырып көз жұмған марқұмдарды құрметпен ақтық сапарға шығарып салу мұсылмандық міндетіміз екендігін, сол себепті халық арасында қайтыс болған марқұмды мәйітханада шариғат талаптары бойынша жуындырып, кебіндеу мәселесі туындап отырғандығын жеткізді.

Өз кезегінде, қатысушылар аса қауіпті инфекциялардан қаза тапқандарды шариғат тұрғысынан кебіндеуге қатысты сұрақтар қойып, тиісті жауабын алды.

Share this...
Share on Facebook
Facebook
0Share on VK
VK
Tweet about this on Twitter
Twitter

Облыстық жаңалықтары

'; echo ''.$date.'
'; echo ''.$title.'

'; echo '
'; } ?>

Egov