Апелляция сотталған жиһадшылардың үкімін өзгертпеді

20 мамырда Алматы қалалық соты «жиһадшылар ісі» бойынша сотталған Алмат Жұмағұлов, Кенжебек Әбішев және Оралбек Өміровтің апелляциялық шағымын қанағаттандырмады, деп жазады Азаттық Радиосы. Апелляциялық сотты басқарған судья Ирина Федотова алғашқы инстанцияның сот шешімі күшіне енетінін, бірақ апелляциялық соттың қаулысына қатысты кассациялық сотқа шағым түсіруге болатынын айтты. Апелляциялық сот Алмат Жұмағұловтың жеке шағымын қарап, қаулы қабылдады. Алғашқы сот инстанциясының жарыссөзі кезінде Жұмағұлов Конституция мәтіні жазылған брошюраны жыртып, «заңды дәретхана қағазына теңеген». Алмалы аудандық соты оның бұл әрекетін мемлекеттік нышандарды қорлау деп тапқан. Апелляциялық сот «Конституция мәтіні жазылған брошюра қағаз мемлекеттік символ емес» деген қаулы қабылдап, Жұмағұловтың жеке шағымын қанағаттандырды. 2018 жылы 21 желтоқсанда Алматының Алмалы аудандық соты Алмат Жұмағұловты «ұлтаралық араздықты қоздырды» және «терроризмді насихаттады» деп 8 жылға соттаған. Сот «терроризмге шақырды және оны насихаттады» деп айыпталған Кенжебек Әбішевке 7 жыл, Оралбек Өміровке 8 жыл түрме жазасын кескен. Айыптау құжатына сәйкес, «Жұмағұлов, Әбішев пен Өміров 2017 жылдың тамыз-қараша айлары аралығында бірнеше рет кездесіп, Қазақстан аумағында қызметіне тыйым салынған «Қазақстанның демократиялық таңдауы» (ҚДТ) қозғалысына адамдар тарту үшін ақылдасқан».

Дереккөз: https://kazislam.kz

Share this...
Share on Facebook
Facebook
0Share on VK
VK
Tweet about this on Twitter
Twitter

Облыстық жаңалықтары

'; echo ''.$date.'
'; echo ''.$title.'

'; echo '
'; } ?>

Egov