Алғыс айту күні атап өтілді

Ағымдағы жылдың 1 наурызында облыс әкімдігі дін істері басқармасының ұйымдастыруымен ұлттар татулығы мен бірлігін жаңа деңгейге көтеретін ерекше мейрам «Алғыс айту күні» мерекесіне орай діни бірлестіктер басшылары Клубының «дөңгелек үстел» отырысын ұйымдастырды.

Жиынға қатысушылардың алдында баяндама жасаған басқарманың христиан бағытындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі бөлімінің басшысы С.Байбатшаева өз сөзінде: «…«Алғыс айту күні» – күрделі заманды иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстан құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін, тағдыр тоғыстырған Қазақстанның көпэтносты халқының ортақ тарихын құрметтеу, қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні» – екенін айтты.

Кездесу барысында Басқарма мен діни бірлестіктер басшылары мен өкілдері «Алғыс айту күнінің» маңызы мен мақсаты туралы ортақ ойларын білдірді.

Жиында сөз алған діни бірлестіктердің өкілдері қоғамда қалыптасқан этносаралық және конфессияаралық келісім қазақ халқының дархандығы мен Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың дара саясатының жемісі деп білетіндіктерін жеткізді.

Кездесу соңында әр түрлі конфессияның өкілдері түсіністік пен сыйластық танытқандары үшін бір-бірлене алғыстарын білдіріп, толеранттықты одан әрі нығайтуға уағдаласты. Жиын соңында жиналғандар естелік үшін бірге фотоға түсті.

Жиынға облыс аумағында  қызмет жасайтын діни бірлестіктердің 40-қа жуық өкілі қатысты.

Share this...
Share on Facebook
Facebook
0Share on VK
VK
Tweet about this on Twitter
Twitter

Облыстық жаңалықтары

'; echo ''.$date.'
'; echo ''.$title.'

'; echo '
'; } ?>

Egov