Әлеуметтік сала бойынша кешенді жұмыстар Жамбыл ауданында өз жалғасын тапты

Ағымдағы жылдың 17 маусым күні әлеуметтік сала бойынша бекітілген іс-шаралардың желілік кестесіне сәйкес Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасы мен дін проблемаларын зерттеу орталығының мамандары тарапынан Жамбыл аудандық «Бәйдібек» мешітінде аудан көлеміндегі дін саласындағы АТТ мүшелері мен мешіт имамдарының қатысуымен  кездесу өткізілді.

Жиынға дін істері басқармасының басшысы Ж.Омаров, дін проблемаларын зерттеу орталығының басшысы К.Джумекеева, Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Ү.Найманова, облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Е.Аманбаев және  басқарма мамандары мен дін проблемаларын зерттеу орталығының инспекторлары қатысты.

Кездесуде дін істері басқармасының басшысы Ж.Омаров қатысушыларға  тұрғындар арасында профилактикалық жұмыстарды күшейтуге, жастардың тәрбиесіне ерекше мән беру және мешіт жамағаты арасында діни бірлестіктің ішкі тәртіп ережесін сақтау жөнінде түсіндірді.

Сондай-ақ, басқарманың бас маманы Е.Әскенұлы дін өкілдеріне мемлекетіміздің тұрақтылығы үшін және халқымыздың ауызбіршілігі үшін дін саласындағы заңнама талаптарын сақтаудың аса маңызды екендігін атап өтті.

Іс-шараға Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Ү.Найманова күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты өз ой-пікірін білдірсе, облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Е.Аманбаев «Жеті рухани қазық» тұғырнамасы бойынша мешіттің келушілеріне, әсіресе жастарға мұсылманның тұла бойынан табылуы тиіс имандылық, отаншыл болу, білім алу, бірлікке болысу, еңбекқорлық, мәдениетті болу және әділдік принципін ұстану сияқты негізгі жеті көркем сипаттары тұрғысынан насихаттау қажеттілігі туралы айтты.

Шара соңында қатысушылардың көкейіндегі толғандырған сауалдарына нақты жауаптар берілді.

Share this...
Share on Facebook
Facebook
0Share on VK
VK
Tweet about this on Twitter
Twitter

Облыстық жаңалықтары

'; echo ''.$date.'
'; echo ''.$title.'

'; echo '
'; } ?>

Egov