Қордай ауданында дін саласына қатысты кешенді жұмыстар жүргізілді

31.05.2020

Облыс әкімі Б.Сапарбаевтың төтенше жағдайдан кейінгі шаралар бойынша берген тапсырмаларына байланысты Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасы және дін проблемаларын зерттеу орталығының мамандарынан арнайы жұмыс тобы жасақталып, әлеуметтік сала бойынша бекітілген іс-шаралардың желілік кестесіне сәйкес Қордай ауданында кешенді профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Жұмыс тобының құрамына Дін проблемаларын зерттеу орталығының басшысы К.Жұмекеева, облыстық «һибатулла Тарази» мешітінің наиб […]

Zoom бейнеконференциясы арқылы онлайн дәріс өтті

28.05.2020

Бүгін Жамбыл облысы әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығының» инспекторы А.Балхожаев, облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Жамбыл облысының мемлекеттік архивінің» қызметкерлерімен дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын Zoom қосымшасымен жүргізді. Сонымен қатар, Instagram әлеуметтік желісі арқылы да тікелей эфир өткізілді. Экстремизм мен терроризмнің таралу себептері туралы түсіндіріліп, оған қарсы жүзеге асырылып жатқан  әрекет  түрлері мен алдын-алу шараларының  маңыздылығы жөнінде  сөз […]

Түзеу мекемелерінде онлайн дәрістер жүргізілуде

26.05.2020

Өңірдегі түзеу мекемелерінде карантин талаптарын сақтау мақсатында кездесулерге шектеу қойылып, жазасын өтеушілер мен туыстарының арасындағы байланыс тоқтатылған болатын. Осыған орай, облысымыздағы дінтанушы мамандардың түзеу мекемелеріндегі іс-шаралары онлайн форматқа көшірілді. Атап айтсақ, сотталғандармен Жамбыл облысы әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығының» инспекторлары Skype желісі арқылы онлайн дәрістер жүргізуде.  

Аида Балаева Ораза айт мерекесімен құттықтады

24.05.2020

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлына Ораза айт мерекесімен құттықтау хатын жолдады. Министр төтенше жағдай кезінде Діни басқарманың ауызбіршілік танытып, қауіпсіздік шараларын дер кезінде қолға алып, әрі олардың сақталуын қаматамасыз еткенін ерекше атап өткен. «Осы ретте Сізге және Діни басқарма ұжымына ел игілігі жолындағы еселі еңбектеріңіз […]

Карантин ережесі кезіндегі Ораза Айт мерекесін атап өту тәртібі

22.05.2020

Өңірімізде карантин режимінің сақталуына  байланысты биыл  облыс мешіттерінде Ораза Айт намазы оқылмайды. А.ж. 22 мамырында облыс мешіттеріндегі карантин режимі кезінде Ораза айт намазының оқылуы бойынша ақпарат беру үшін, облыстың бас имамы Б.Мырзагелдиевтің қатысуымен «Ораза айт – кешірім мерекесі» тақырыбында онлайн баспасөз конференциясы өтті. Конференция барысында, бас имам облыстағы барша мұсылман қауымын мерекемен құттықтап, елімізде қалыптасқан […]

Facebook, Instagram әлеуметтік желілері арқылы онлайн-дәрістер жүргізілуде

21.05.2020

Карантиндік шектеулердің жалғасуына байланысты Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын онлайн форматта жалғастыруда. Эфир барысында облыс әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығының» инспекторы Б.Алпысбаев, «Азаматтардың шетелдердегі діни оқу орындарында білім алу мәселесі қалай реттелген? Шетелде оқуға рұқсат етілген діни оқу орындарының тізімі бар ма?» атты тақырыбында желі көрермендеріне кеңінен ақпарат берді.

Желі арқылы түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр

20.05.2020

 Жамбыл облысы әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» инспекторы Б.Бекмолдаев «Зайырлы мемлекет дегеніміз не?» және «Зайырлылықтың негізгі қағидаттары қандай?» тақырыптарында онлайн дәріс жүргізді. Онлайн дәріс барысында  мемлекеттің діни саясатын және Қазақстан құндылықтары мен зайырлылық туралы өзге де өзекті мәселелер туралы ақпарат берді.

Тікелей эфирде «Тәңірді танудағы талпыныс» онлайн-дәрісі өтті

19.05.2020

«Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында әлемдік әдебиеттің өкілі, ағылшын дінтанушысы Карен Армстронгтың «Иудаизм, христиандық пен исламдағы 4000 жылдық ізденіс: Құдайтану баяны» атты еңбегі қазақ тіліне аударылғаны мәлім. Әлемнің 40-қа жуық тіліне аударылған бұл кітаптың дінді әлеуметтік құбылыс ретінде зерттейтін мамандарға, монотеизмнің мәнін дін философиясы тұрғысынан танығысы […]

Экстремисттік деп танылған «Таблиғи-жамағат» ұйымының адамзатқа тигізген қасіреті

18.05.2020

Жамбыл облысы әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу орталығының» инспекторы А.Құлымбетов әлеуметтік желідегі парақшалар арқылы онлайн дәріс жүргізді. Желі қолданушыларына «Таблиғи-жамағат» ұйымының белгiлерi мен қызмет ету әдiстерi туралы айтылып өттi. Сонымен қатар, азаматтардың радикалды дiни идеологияның әсерiне түсуiнiң себептерi мен факторларына түсiндiрулер берілдi.

«Псевдосәләфизм діни ағымның қоғамға зияны» тақырыбында онлайн дәріс оқылды

17.05.2020

Аталған іс-шарада Жамбыл облысы әкімдігінің дін проблемаларын зерттеу орталығының бөлім басшысы Е.Жақыпов  тікелей эфир дәрісін жүргізді. Псевдосәләфизмнің әлемнің көптеген мемлекеттері үшін ең өзекті мәселе екендігі түсіндірілді. Сондай-ақ, псевдосәләфизмнің уағызшылары мен діни әдебиеттері туралы мағлұматтар беріп, ондай күмәнді әдебиеттерді діни білім алу үшін пайдалануға болмайтындығын атап өтті.

Облыстық жаңалықтары

'; echo ''.$date.'
'; echo ''.$title.'

'; echo '
'; } ?>

Egov