Облыс әкімдігінің дін істері басқармасымен 2017 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұйымдастырылған іс-шаралар туралы ақпарат

 

Басқарма тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы және жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша тұрақты түрде жұмыстар жүргізіледі, атап айтқанда, басқарма мен дін проблемаларын зерттеу орталығы қызметкерлерінің қатысуымен 2017 жылдың ақпан айында басқарма басшылығының төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту және ұжымда сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру жөніндегі жұмысты жандандыру мақсатында басқарма, дін проблемаларын зерттеу және оңалту орталықтары қызметкерлерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлықты болдырмау және алдын алу» тақырыбында аппараттық кеңес өткізілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында жүргізіліп жатқан жұмыстардың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында облыстық бұқаралық ақпарат құралдарына материалдар жариялануда, мәселен, 2017 жылдың қаңтар айында басқарма басшысының «Сыбайластық сан соқтырады» тақырыбында мақаласы облыстық «Ақжол» газетіне жарияланды.

2017 жылдың 30 маусымында басқарманың ұйымдастыруымен дін саласындағы заңнамаларын талқылау, заңбұзушылықтарды болдырмау мақсатында Тараз қаласы және аудандарда орналасқан жергілікті діни бірлестіктердің басшылары мен өкілдерінің, ішкі саясат бөлім басшылары мен мамандарының қатысуымен діни бірлестіктер басшылары Клубының отырысы өттізілді. Іс-шара барысында, Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы», «Білім туралы», «Балалар құқығы туралы» Заңдары түсіндіріліп, дін саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы сұрақтар қаралып (миссионерлерді, намазханаларды тіркеу, тиісті жерлерде әдебиеттер сату және тарату), сонымен қатар, ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң нормалары, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен мәдениетті қалыптастыру туралы  айтылып өтті.

2017 жылдың 12 шілдесінде басқарма басшылығының төрағалығымен басқарма, дін проблемаларын зерттеу және оңалту орталықтары қызметкерлерінің қатысуымен «Әдеп жөніндегі уәкілдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы рөлі» тақырыбында аппараттық кеңес өткізіліп, мемлекеттік қызметшілердің этикалық (әдептілік) нормаларының қалыптасуы, басқармада әдеп нормаларының сақталу жағдайы туралы айтылып, түсіндірілді.

Сондай-ақ, облыс әкімі аппараты басшысының 2017 жылғы        12 шілдедегі №331-Ж/Қ-М бұйрығымен жергілікті атқарушы органдарда Олжас Бахытович Ақылбаев Жамбыл облысы әкімі аппараның әдеп жөніндегі уәкілі болып тағайындалғаны жөнінде айтылып өтті.

2017 жылдың 28 желтоқсанында басқарманың персоналды басқару жұмыстарын ұйымдастыруға жауапты маманымен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының талаптары, оның ішінде Заңның 50-бабы 1-тармағы 17)тармақшасының талабына сәйкес, мемлекеттік қызметшілер өздерінің мемлекеттік немесе соған теңестірілген функцияларын атқаруға байланысты қызмет бабында өздеріне тәуелді мемлекеттік қызметшілерден және өзге адамдардан жалпы қамқорлығы немесе қызмет бабында бетімен кетушілік үшін сыйлықтарды немесе көрсетілетін қызметтерді қабылдауы мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар болып танылатыны туралы, сондай-ақ алда келе жатқан мерекелерге орай келіп түскен сыйлықтар қорға тапсырылу керектігі туралы басқарма қызметкерлеріне айтылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, діни бірлестіктерде өткізілетін діни рәсімдерінде, оқылатын уағыздарында халыққа тұрақты түрде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларының нормалары, сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау мақсатында және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әрекеттері  туралы мешіт және шіркеу келушілеріне айтылып отырады.

Сонымен бірге, 2017 жыл ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыстар және мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар бойынша фактілер орын алған жоқ.

 

Share this...
Share on Facebook
Facebook
0Share on VK
VK
Tweet about this on Twitter
Twitter

Облыстық жаңалықтары

01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


Egov