«100 нақты қадам – Ұлт жоспары» бағдарламасының орындалу барысы туралы ақпарат


Рухани келісім күніне арналған спартакиада өтті

Үстіміздегі жылдың 18 қазанында Жамбыл облысы әкімдігі дін істері басқармасы және Дін проблемаларын зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Тараз-Арена» спорт кешенінде – «Рухани келісім күніне» арналған діни бірлестіктер арасында спартакиада өткізілді.
Спартакиадада облыс көлеміндегі діни бірлестіктер жанынан құрылған командалар кіші футбол, кір тасын көтеру, қол күрестіру, шахматтан және женіл атлетикадан жүлделі орындар үшін өзара бәсекелеске түсті.
Спартакиада қорытындысы бойынша кір тасын көтеруден жүлделі І орынды А.Аверкин («Источник жизни» діни бірлестігі), ІІ орынды Н.Бақытұлы («Һибатулла Тарази» медресесі), ІІІ орынды М.Голубев («Источник жизни» діни бірлестігі) иеленді.
Шахматтан І орынды Жамбыл ауданы «Бәйдібек» мешіті, ІІ орынды «Вефиль» Елуліктер Толық Інжілінің Христиан шіркеуі» діни бірлестігі, ал ІІІ орынды «Һибатулла Тарази» медресе шәкірттері иеленді.
Қол күресінен І орынды А.Өміркулов, ІІ орынды Т.Кондраченко, ІІІ орынды Қ.Есіркепов өзара бөлісті.
Жеңіл атлетикада ерлер арасында І орынды Ж.Меделбек, ІІ орынды Л.Кан, ІІІ орынды – Е.Узбеков алды.
Қыздар арасында І орынды К.Хегай, ІІ орынды А.Ким иеленді.
Спартакиаданың ең басты ойыны кіші футболдан өткен тартысты бәсекеде жүлделі І орын мен кубокты «Һибатулла Тарази» медресе шәкірттері командасы, ІІ орынды «Һибатулла Тарази» мешетінің жамағаты, ІІІ орынды Жамбыл ауданы «Бәйдібек» мешіті командалары місе тұтты.
Спартакиадаға қатысқан барлық спортшылар мен командалар арнайы грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды.
Ұйымдастырылған шараларға дән риза болған діни бірлестіктер жетекшілері облыстағы конфессияаралық келісімді нығайтуға бағытталған спартакиада жарыстарын жыл сайын өткізіп тұруды дәстүрге айналдыруды ұсынды.


«Рухани келісім күні» аясында «Діни тұрақтылық – Тәуелсіздік тірегі» тақырыбында кездесу өтті
2018 жылдың 18 қазанында облыс әкімдігі дін істері басқармасының ұйымдастыруымен Тараз инновациалық-гуманитарлық университетінде «Рухани келісім күніне» орай, «Діни тұрақтылық – Тәуелсіздік тірегі» тақырыбында жоғары оқу орнының студенттерімен кездесу өтті.
Аталған шараға Жамбыл облысы әкімдігі дін істері басқармасының басшысы Ж.Омаров пен университет ректоры Е.Саурықов, Қазақстан халқы Ассамблеясының облыс бойынша хатшылығының меңгерушісі М.Қожаева және діни бірлестіктер мен этномәдени орталықтардың жетекшілері, БАҚ-ның өкілдері қатысты.
Жиынға қатысушылар қоғамдағы тұрақтылықты сақтаудағы рухани келісімнің маңыздылығын студент жастарға түсіндіріп, «Рухани келісім күні» мерекесін атап өтудің маңыздылығын айтып өтті.

 

Share this...
Share on Facebook
Facebook
0Share on VK
VK
Tweet about this on Twitter
Twitter

Облыстық жаңалықтары

01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


Egov