№1 қалалық аурухана қызметкерлерімен кездесу

2019 жылдың 26 маусымы Жамбыл облысы әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ-нің қызметкері Е.Жақыпов Тараз қаласы №1 қалалық аурухана қызметкерлеріне «Ислам дініндегі ханафи мазхабының өзіндік ерекшеліктері» тақырыбында семинар өткізді.

Семинар барысында дәстүрлі діни ағымдардың сипаты мен белгілері, Ислам дініндегі ханафи мазхабының ерекшеліктері, экстремистік діни ағымдардың жетегінде кетпеу жолдары жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, тыңдармандарға мемлекетіміздің зайырлы ұстанымдары және дәстүрлі емес діни ағымдардың шығуына әсер етуші факторлар туралы жан-жақты айтылды. Орталық маманы тарапынан жоғарыда көрсетілген тақырыпқа ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ дiн саласындағы мемлекеттiк саясаттың жүзеге асырылуын қамтамасыз ететiн негiзгi құқықтық аспектiлерiн жеткiзiп, Қазақстан Республикасындағы және Жамбыл  облысындағы дiни ахуалы, қолданыстағы заңнама жайында, оны бұзған үшiн жауапкершiлiк жайлы және де деструктивтi дiни ұйымдары, олардың белгiлерi мен қызмет ету әдiстерi жайлы айтылды. Кездесу соңында пікірлер алмасылды.

Share this...
Share on Facebook
Facebook
0Share on VK
VK
Tweet about this on Twitter
Twitter

Облыстық жаңалықтары

'; echo ''.$date.'
'; echo ''.$title.'

'; echo '
'; } ?>

Egov